Дүйсенбі, 29 Сәуір 2024
Жаңалықтар 4009 0 пікір 31 Қазан, 2010 сағат 18:32

Балық және нарық

Жыл сайын сәуірдің 1-інен маусымның 15-іне дейін облыс аума­ғындағы өзен-көлден балық аулау­ға заң бойынша тыйым салынады. өйт­кені бұл уақытта балықтар уылдырық шашып, табиғаттың заңымен ұрпақ өрбітуге кіріседі. Алайда өз  тамағынан басқаны ойлай алмайтын тоғы­шар­лар дәті барып, осы кезеңде де өзенге ау, қармақ салады екен...

Жұмсақ заң  браконьерлерге тиімді

Облыстық балық инспекциясы басқармасының мәліметіне қарағанда, бірінші сәуірден 14 маусымға дейін заңсыз балық аулаған 132 адам ұсталған. Солардың түгелге жуығынан айып­пұл өндірілген. Оның мөл­шері 487 619 теңгені құраған көрі­неді. Тіпті заңсыз балық аулаған бір адамның үстінен қылмыстық іс қозғалып, сотқа жолданса керек.

- Уылдырық шашатын мезгілде балық аулауға мүлдем тыйым салынғанын біле тұра, қолға түс­кен азаматтар мың келіден астам балық ұстапты. Соның ішінде 341 келісі бекіре тұқымдастар, үш келідей қара уылдырығы және бар. Олардан жүз шақты ау, екі қайық тәркіленді, - дейді аталмыш басқарманың бастығы Қадыр Әлпейісов.

Жыл сайын сәуірдің 1-інен маусымның 15-іне дейін облыс аума­ғындағы өзен-көлден балық аулау­ға заң бойынша тыйым салынады. өйт­кені бұл уақытта балықтар уылдырық шашып, табиғаттың заңымен ұрпақ өрбітуге кіріседі. Алайда өз  тамағынан басқаны ойлай алмайтын тоғы­шар­лар дәті барып, осы кезеңде де өзенге ау, қармақ салады екен...

Жұмсақ заң  браконьерлерге тиімді

Облыстық балық инспекциясы басқармасының мәліметіне қарағанда, бірінші сәуірден 14 маусымға дейін заңсыз балық аулаған 132 адам ұсталған. Солардың түгелге жуығынан айып­пұл өндірілген. Оның мөл­шері 487 619 теңгені құраған көрі­неді. Тіпті заңсыз балық аулаған бір адамның үстінен қылмыстық іс қозғалып, сотқа жолданса керек.

- Уылдырық шашатын мезгілде балық аулауға мүлдем тыйым салынғанын біле тұра, қолға түс­кен азаматтар мың келіден астам балық ұстапты. Соның ішінде 341 келісі бекіре тұқымдастар, үш келідей қара уылдырығы және бар. Олардан жүз шақты ау, екі қайық тәркіленді, - дейді аталмыш басқарманың бастығы Қадыр Әлпейісов.

Облыста балық қорғау шараларын арнайы қадағалап отыратын штаб бар. Оның құрамына балық инспекциясы басқармасына қоса облыстық ішкі істер департаменті, кедендік бақылау комитеті, қаржы полициясы, табиғат пайдалану және реттеу басқармасы сияқты бірнеше құзырлы мекеме кіреді. Алайда құзырлы мекеме бірнешеу болғанымен, браконьер­ді жазаға тартатын заң бабы бір-екеу ғана. Инспекторлар заңсыз балық аулаушы­ларды тек өзен-көлдің жағасында ғана ұстай алады. Базарда балық сау­далаушыларға ешқандай ша­ра қолданылмайды. өзен-көлдің жа­ғасында ұсталғандардың жеке куәлігі, СТН-і болмаса, инспек­торға амал жоқ, браконьерді үйіне алып баруына тура келеді. Содан кейін барып заң бойынша айыппұл салуға құқылы.

- Біздің облысымызда заң бойынша бекіре тұқымдас балықтар ауланбайды. Бірақ біздегі базарда ондай балық түрлері толып тұр. "Ол қайдан келіп жатыр, аулаған кімдер?" деп біз де, басқа құзырлы орган да тексере алмайды. Дұрысы, Атырау облысындағы арнайы бригадалар квота бойынша заңды түрде бекіре балығын аулағаннан кейін, оны сатқанда да анықтама қағазын қоса беруі керек қой. Сонда заңсыз жолмен саудаға шығарылған бекіре балығын анықтау­ға болар еді. Ондай анықтама беру заңда қарастырылмаған. Сол себептен де базардағы балық саудалаушыларды тексеру мүмкін болмай тұр, - дейді Қадыр Бақтығалиұлы.

Қайта оралған бекіре

Бекіре тұқымдас балықтар демекші, осы балықтың бір түрі биыл Жайықтың Батыс Қазақ­стан облысы аумағында, дәлі­рек айтқанда, Тайпақ өңіріндегі судан бой көрсетіпті. Жайық тайыздалып бара жатқандықтан, бұл балық түрлері соңғы жылдары Атыраудан бері аспаушы еді. өткен қыста қар қалың түскендіктен, Жайық өзені бір метрге болса да көтерілген сыңайлы. Сондықтан бекіре тұқымдастарының бірен-сараныбізге де жете бастаған. Алайда қуануға әлі ерте. Мамандар бізде бекіре тұқымдастарының қоры көбеюі үшін Жайық тағы бірнеше метрге тереңдеуі тиіс деп есептейді. Бұған қоса заң баптарын қатайтып, балық қорғайтын мекемелердің материалдық-техникалық базасын әлде де нығайта түсу керек.

- Шүкір, соңғы жылдары материалдық жағдайымыз жақсарып келеді. Қайықтарымыз жеткілікті. Енді автокөліктен ғана қиындық көріп жүрміз. Біздің облысымызда Жайық өзенінен басқа Жайық-Көшім каналы, Киров, Бітік, Дөңгелек, Пятимар сияқты ірі су қоймалары, Қазталов ауданы жағындағы Қара және Сарыөзендер, Сокрыл көлі, Сарышығанақ су қоймасы бар. Бұлар бір-бірінен өте алшақ орналасқан. Сондықтан автокөліктің жеткілікті болғаны жақсы, - деп басқарма бастығы өткір мәселенің ұшын шығарып қойды.

Бұдан бірер жыл бұрын қыс қатты болғанда өзен-көлдердегі көп балықтың ауа жетпей қырылып қалғаны есімізде. өткен қыста әйтеуір оған жол берілмепті. Бюджеттен бір миллион теңге қаржы бөлініп, мұз ою жұмыстары кеңінен жүргізілген. Мұндай игілікті істен әуесқой балық аулаушылар, облыстық "Жас Отан" жастар қанатының мүшелері де шет қалмай, зор көмектерін тигізген. Соның арқасында су асты байлығымыз қатты да, ұзақ қысты аман-есен өткерді. Балық қорының биыл біраз көбейгеніне мамандар қуанулы.

Су қоймаларының да қожайыны  бар

Үкіметтің арнайы қаулысы бойынша соңғы бес жылда табиғи су қоймаларын жеке құрылымдарға жалға беру тәртібі енгізілгені белгілі. Біздің облысымызда да 25 су қоймасы 29 табиғат пайдаланушыға  он жыл­ға жалға берілгені мәлім. Балық қорғаушылар су қоймасын жалға беруді тиімді санайды. Мәселен, "Квант" ЖШС Дөңгелек су қоймасын, "Орал-Каспий" ЖШС Бітікті, "Ақтілек" ЖШС Кировты, "Талап" АҚ Еділсорды он жылға алған. Осы ЖШС-ның барлығы да балық қорғау шараларын талапқа сай жүргізеді, өсіп-өнуіне қатысты мониторинг жасап отырады екен. Әуесқой балық аулаушылар су қоймасына қармақ саларда заңды иелерінен рұқсат алады. Балықтың әр келісі үшін тиісті ақшасын төлейді. Оның бағасы аса қымбат емес.

- Жалпы бір айта кетер жай, бізде әуесқой балық аулаушылардың мәдениеті жоғары. Жалға берілмеген су қоймаларынан балық аулау үшін бізден келіп рұқсат алады. Заң бойынша балықты бес келі шамасында аулайтын болсаң, оған арнайы рұқсат алудың қажеті жоқ. Ал бес келіден жоғары ауласаң, тиісті ақшасын банк арқылы төлеп, сосын барып біздің басқармадан рұқсат алу керек. Бағасы қымбат емес. Әуесқой балықшылар осы тәртіпті қатаң орындайды. Балықты жөнімен аулап тұрса, одан оның қоры азаймайды. Дұрысында, әр адам жылына кемінде 14 келі балық тұтынуы керек. Сонда ол адамның ден­саулығы жақсы болады. Балық қорына орасан зор нұқсан келтіретіндер, браконьерлер. Олар ҚР АШМ тыйым салған электршок қармағымен немесе Қытайдан шығатын аумен балық аулайды. Бұл балық аулау құралдарынан табиғатқа келетін зиян шаш етектен. Мәселен, электршок қармағы әудем жердегі балықтың бәрін қырып тастайды. Қаншама жас шабақтар жойылады. Бұл қармақты пайдаланғандар тек ірі балықтарды жинап алып кетеді ғой. Сол үшін қанша шабақ, уақ балықтарды құрбандыққа шалады. Ал ол ертеңгі балық қоры емес пе? Сондай-ақ қытай ауын суға бір-екі салғаннан кейін, әр жері үзіліп жарамсыз болып қалады. Сосын оны жинамай тастап кетеді. Бірақ аудың сау қалған жерлеріне балықтар ілігіп өліп қалады. Ол бұзылып айналдырасын бүлдіреді, ауру таратады. Яғни тигізер зияны орасан, - дейді Қадыр Бақтығалиұлы.

Тірі балық сататын дүкен болса...

Әлпейісов Қадыр ағамыздың көп жылдан бері көтеріп те, айтып та жүрген мәселесі осы. Бірақ оның шешілетін түрі жоқ.

- Өйткені мәселенің байыбына бара алмай отырмыз. Арнайы, өз алдына балық дүкені ашылса, одан тұрғындар тірі балық сатып алар еді. Тіпті тірі болмағанның өзінде барлық талапқа сай сақталған болып шығады ғой. Ал қазір базарда сатылып жатқан балықтың сапасы өте күмәнді. Оларды түнде апарып мұздатқышқа салады. Күндіз саттыққа шығарады. Былайша айтқанда, күндіз ерітіп, түнде қатырады. Бір ерітіліп, бір қатырылған балықтың еті тез бұзылады. Оны иісі білінбес үшін әлдебір маймен майлайды. Базарда халықтың алып жатқаны осындай балықтар. Еті бұзылған балықтардың адам ағзасына ешқандай пайдасы жоқ, керісінше зиян. Санитарлық талапқа жауап бермейтін өнімді сатуға заң бойынша тыйым салу керек. Әйтпесе, халықтың ден­саулығын құртамыз, - дейді ол.

 

Меңдолла ШАМҰРАТОВ

 

0 пікір