Жұма, 3 Мамыр 2024
Абай.tv 4926 0 пікір 22 Мамыр, 2017 сағат 08:56

Президент Атамбаевтың тағы бір әніне клип түсірілді (видео)

YouTube'те 20 мамырда Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаевтың әніне түсірілген алтыншы клип жарияланды. Президент жаңа әнін анасына арнаған. Ән "Энекем" деп аталады.

Қырғыз тіліндегі клип YouTube'те бірнеше акаунтта жарияланды, бір тәуліктің ішінде жаңа әнді бірнеше мың адам көрді.

Қырғызстанда 2012 жылдан бастап жыл сайын мамырдың үшінші жексенбісінде Ана күні атап өтіледі.

Бұған дейін қырғыз басшысының бес клипі жарық көрді: "Тағдырмен ерегіс", "Сенсіз өмір жоқ", "Өлімнен қорықпаймын", "Қырғызстаным", "Ыңғайсыз сөздер". Хабарларға қарағанда, Атамбаев орыс тілінде - бес ән, қырғыз тілінде - бес ән жазуды жоспарлаған.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 707
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 519
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 438
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 450