Жұма, 3 Мамыр 2024
3639 2 пікір 16 Мамыр, 2017 сағат 09:23

Тәжікстан парамен ұсталғандарға қарсы жазаны күшейтпек

Тәжікстанның сыртқы істер министрі Сироджиддин Аслов елде коррупцияға қарсы күресті күшейткенін, билік таяу уақытта парамен ұсталғандарға өте қатаң шара қолданатынын айтты.

15 мамырда Брюссельде өткен баспасөз мәслихаты кезінде Тәжікстанның СІМ «республикада коррупциямен күресетін арнайы мекеме бар, аталған құрылым құрылғалы бері үлкен жұмыстар атқарылды» деп мәлімдеді.

«Коррупция әлемнің барлық елінде бар екені ешкімге құпия емес, бірақ біздің елде мұнымен күрес күшейді, елдегі әлеуметтік-экономикалық жағдайды түзеу үшін, жемқорларға қарсы ең қатал шара қолданатын боламыз. Бұл бағытта бізде жетістік бар деп айта аламын», - деді ол.

Тәжікстанда коррупцияға қарсы мекеменің қазіргі және бұрынғы бірқатар шенеуніктері қамауға алынып жатыр. Оларға қарсы қызметін асыра пайдаланды деген айыппен қылмыстық іс қозғалды.

Абай-ақпарат

2 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 748
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 566
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 464
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 476