Жұма, 3 Мамыр 2024
46 - сөз 5465 10 пікір 24 Сәуір, 2017 сағат 09:04

Байдың көзіне томар салу

Баян Мақсатқызында менің еш шатағым жоқ. Соншалықты лайық болғанына қарамастан, арына тиіп балағаттамаймын да. Тіпті алғаш пышаққа ілініп аурухана төсегіне таңылғанда Жаратқаннан сауығуын да тілегем. Қазақтың көзі ашық бір қызы ғой, өнерде азды-көпті еңбегі бар ғой деп бағалағам.

Енді бүгінгі мынасы тіпті шектен шығып кетті. Күйеуінің көзіне шөп салғанын елдің алдында ар санамай, ашық айтып, былайша айтсақ қуа бастады. Шөп сала ма, томар сала ма оны да жеке шаруасы деп "түсіністікпен" қарайын. Мына масқарасына "әу" дейтін адам байқалмайды. Әншейінде ділмәрситін зиялы қауым да тым-тырыс. Соның айтқанын, қызымен, келінімен тіпті немересімен бірге солар да көріп отыр ғой. Неге дабыл қақпайды. "Әйел бұзылса, ұлт бұзылады" деп ақылсығанда бәледей тағы.

Қоғамдағы, отбасындағы ананың орнына қатысты жарты уағызын айтатын дін өкілдері неге үнсіз. Саясиланып кеткенін түсінеміз. Алайда осы жерде үнсіз қалуларына олардың моральдық құқықтары бар ма? Сөздері мен істері сәйкеспейтін бұлар сонда мұнафықтар қатарынан болғылары келе ме?

Қазақстанда әйелдер кеңес деген бар. Олар мүлдем мылқау. Оларды қоя сал. Ел ішінде небір мықты деп күнделікті әспеттеп жүрген әйел-аналарымыз не күтіп отыр сонда?. Бұл Баянға тоқтам салатын адам бар өзі?. Мына насихатымен ертеңгі күні ол қатын төсектегі әрекетін жарнамалайды әлі. Осы көріп отырғанымыз қара да тұрыңыз, өз жемісін береді. Осылай ете беруге болады екен деп қаншама қыз одан үлгі алып отыр қазір. Бұл ұлтты жоюға ашық түрде жасалып отырған қастандық әрекет. Оны насихаттап отырған арна мен желілерді сотқа тарту керек. Енді осындай он Баян шықса қазақ қызы бітті деген сөз.

Қазақтың қоғамы мұндай Баянсыз-ақ, баянды болашаққа ұмтылуы тиіс.Оу, ағайын үн қосыңыздар, ұлтқа қауіп бұл. Осының бәрін Елбасының қоғамдық негіздегі көмекшісі (өзім сайлап алған) мен ғана айтуым керек пе?. Сізге де үнсіз қалу жарасып тұрған жоқ ше...

"Елубайдың емеуріні" кітабынан.

Мұрат Балтабекұлының Facebook-тегі жеке парақшасынан

10 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 810
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 635
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 507
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 518