Сенбі, 4 Мамыр 2024
46 - сөз 4133 2 пікір 17 Сәуір, 2017 сағат 10:26

Су астында қалған Ақтөбеге көмек керек

Ақтөбе - үш өзеннің ортасына салынған қала ғой. Сазды, Елек жазда сыздықтап ағып жатады. Қарғалының ағысы қаттылау. Осы үш өзен және шеттегі Жіңішке де биыл қар суына толды. Оған қоса әр өзеннің басында су қоймалары бар. Бәрі толған соң шлюздерін біртіндеп ашты.

250 млн тонна су жиналатын Ақтөбе су қоймасы алсақ, биыл су лық толған. Дамбаны ашпаса қауіпті. Су қысымына шыдамай, бөгет бұзылуы мүмкін. Сонда ондағы су бүкіл қаланы басады. Сондықтан шлюздерді түнде ашып, суды жіберіп отыр. Сондықтан өзендердің бәрі бәрі сағасынан асып, айналадағы елді мекендер мен саяжай массивтерін басып жатыр. Өзендер сағасындағы, қала шетіндегі бұрын саяжай болған аумақтардың барлығына адамдар үй салып тастады. Қала да үлкейіп кетті. Бұрындары еріген қар суы ағып кететін сай сала жылғалар бітелді. Әсіресе бұрынғы саяжайлардың орнында тірнектеп үй салып алған xалық қатты зардап шегіп жатыр.

Соңғы 19 жылда болмаған еді, бұл не деп қайран қалғандарға айтып жатқаным ғой. Қаланың өзінің ішінде суағар арық дегендер о баста қарастырылмаған. Кішкене нөсер жауса бітті, көшеде көліктер жүзіп кетеді. Енді қаланы су баспағанда не болады? Сондықтан үй салуға жер бергенде, ең алдымен су ағар, көктемде таситын өзендер мен су қоймасына жиналатын алапат суды қайда жібереміз деп, мамандарды жинап, бір жолын табу керек қой.

19 жылда болмады деп арқаны кеңге салып отыра бергеннің кесірі, міне xалыққа тиіп жатыр. Бізде соның жолын көрсететін мамандар бар шығар-ау. Бұл алдағы шаруа енді тап қазір , тірнектеп жинап салған баспаналары суға кетіп, зардап шеккен xалыққа нақты көмек көрсетудің қамына кіріскен абзал. Зар илетіп қоймайық. Ел болып, қол ұшын созайық. Қалталы азаматтар, арттарыңдағы адамдарға да қайырылып қойсаңыздар біруақыт. Елбасы айтқан ұлттық код осыдан басталады.

Бақыт Жаншаева

Facebook-тегі парақшасынан

2 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1137
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1038
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 775
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 894