Сенбі, 4 Мамыр 2024
Жаңалықтар 3846 0 пікір 6 Қазан, 2010 сағат 06:35

Балжан Жеңісқызы. ЕҚЫҰ төрағалығы Қазақстанға не берді?

Қазақстанның биылғы ЕҚЫҰ-ға төрағалығы  түрлі пікірге арқау болып отыр. Сарапшылар желтоқсан айында Астанада өтетін ЕҚЫҰ-ның саммитінде де айтарлықтай жаңалықтар болмайды деп болжам жасауда. Алайда, сарапшылардың бір парасы ЕҚЫҰ-ға Қазақстанның төрағалық етуі елдің халықаралық беделінің өсуіне оң әсер еткенін жоққа шығармайды.

Төрағалыққа қойылған баға - «3»

2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан ЕҚЫҰ-ға төрағалық етіп келеді. Ал, ағымдағы жылдың желтоқсан айында Астанада ЕҚЫҰ саммитін өткізу жоспарланып отыр. Алайда, саясаттанушылар Қазақстанның ЕҚЫҰ -ға төрағалы елдегі демократиялық процесстердің дамуына ешқандай ықпал ете алмады деп санайды.

Қазақстанның биылғы ЕҚЫҰ-ға төрағалығы  түрлі пікірге арқау болып отыр. Сарапшылар желтоқсан айында Астанада өтетін ЕҚЫҰ-ның саммитінде де айтарлықтай жаңалықтар болмайды деп болжам жасауда. Алайда, сарапшылардың бір парасы ЕҚЫҰ-ға Қазақстанның төрағалық етуі елдің халықаралық беделінің өсуіне оң әсер еткенін жоққа шығармайды.

Төрағалыққа қойылған баға - «3»

2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан ЕҚЫҰ-ға төрағалық етіп келеді. Ал, ағымдағы жылдың желтоқсан айында Астанада ЕҚЫҰ саммитін өткізу жоспарланып отыр. Алайда, саясаттанушылар Қазақстанның ЕҚЫҰ -ға төрағалы елдегі демократиялық процесстердің дамуына ешқандай ықпал ете алмады деп санайды.

- Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалығына «үш» деген баға беруге болады. Өкінішке қарай, саяси реформалар жасау мен саяси модерницазия тұрғысынан келгенде бұл ұйымға Қазақстанның төраға болуы ешнәрсе бере алмады. Және елдегі демократияның дамуына да белгілі бір ықпал ете алған жоқ. Әрине, аталған ұйым Қазақстанға мемлекеттің беделін көтеру тұрғысынан белгілі пайда әкелген болуы мүмкін. Және Астанада өтетін саммитті де жарнама деп қарастыру керек. Бірінші кезекте бұл елдің президенті үшін жарнама. Өйткені, президент бұл саммитті әлемдік оқиға ретінде бағалайды.  Бірақ та, көптеген елдердің және ЕҚЫҰ-ға мүше елдердің көзқарасы тұрғысынан бұл саммит формальді нәрсе. Және оның халықаралық процесстерге тигізер ықпалы да шамалы, - дейді саясаттанушы Досым Сәтпаев.

Досым Сәтпаевтың айтуынша, геосаяси, геоэкономикалық мүдделері тұрығысынан Қазақстанды әріптес санайтын елдер Қазақстанды қандай статуста болсын тіпті, авторитарлық билік жағдайында болса да қабылдауға дайын.

Алайда, экс-депутат Амангелді Айталы Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалығы тиімді болғанын айтады. Оның ойынша, аталған ұйымның төрағасы ретінде Қазақстанның танымалдылығы артқан.

- Біріншіден, бұл - әлемге, Еуропаға Қазақстанды таныстыру. Біз өзімізді өзіміз зор ғып көрсетуге тырысқанымызбен, шын мәнісінде бізді көп ел біле бермейді. Осы тұрғыдан келгенде бұл біздің мемлекетіміз үшін әрине, тиімді болды. Екіншіден, Астанада өтетін саммитке елу бес елден өкіл келеді. Бұл да біздің елді әлемге жақын таныстырудың бір жолы, - дейді Амангелді Айталы.

 

Еуростандарттарға еліктеу

Дегенмен, Амангелді Айталы ЕҚЫҰ-ға төраға болуда Қазақстанның ұтылған тұстары да бар екенін атап өтті. Оның ойынша, Қазақстан өзінің менталитетін, мәдениетін, дәстүрін көп жағдайда ескермей, заңдарын еуропалық стандарттарға икемдеп жатыр.

Ал, саясаттанушы Расул Жұмалы Қазақ ЕҚЫҰ-ға төраға кезінде үлкен жетістіктерге жетті деп есептемейді. Оның пікірінше, аталған ұйымға төраға болар алдында Қазақстан ұйым аясындағы бірқатар мәселелердің шешілуіне ықпал ететінін мәлімдеген. «Алайда, алға басушылық байқалмады», - дейді Расул Жұмалы.

- Қазақстан - Таулы Қарабах пен Ауғанстандағы ахуалға қоса ЕҚЫҰ-ның өз ішіндегі құрылымдық мәселелердің түйінін тарқатуға ықпал жасаймыз деп мәлімдеген болатын. Бірақ, осы бағыттар бойынша, өз басым алға жылжушылықты  көрген жоқпын. Керісінше, қас қылғандай дәл осы жылы Таулы Қарабахта қарулы қақтығыстар болды. Оған қоса, Орталық Азияда тұрақсыздық ошағы тұтанып кете жаздады. Ол - Қырғызстан. Бірақ, мұның бәрін ұйымның төрағасының кінәсі деп түсінбеу керек. Бұл жалпы, ЕҚЫҰ сияқты ұйымның құрылымдық жағынан әлсіздігі, - дейді Расул Жұмалы.

Ал, «Әділ сөз» қорының президенті Тамара Калеева Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалығы кезінде  елдегі сөз бостандығы мәселесіне байланысты нақты ешқандай қадам жасалмады дей келе, желтоқсан айында Астанада өтетін ЕҚЫҰ-ның саммитінде сөз бостандығы қабырғалы мәселе ретінде көтерілетініне үмітті екенін жеткізді.

 

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1035
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 911
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 681
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 765