Жұма, 3 Мамыр 2024
Жаңалықтар 3038 0 пікір 6 Қазан, 2010 сағат 06:24

Жастарымыз ұлттық мемлекет құрсын десек...

Есiңде бар ма жас күнiң,

Көкiрегiң толық, басың бос.

Қайғысыз, ойсыз, мас күнiң,

Кiмдi көрсең - бәрi дос, - деп Абай атамыз айтқан сөздiң бәрi рас. Жастық шақта не iстемейсiң, кiмнiң айтқанына ермейсiң, кiммен дос болмайсың? Дүниенiң бәрi саған күлiп тұрғандай болатын. Бiз ол кезде большевиктiк идеология нық орнаған Кеңестер Одағы деген мемлекетте өмiр сүрдiк. Бiз үшiн болашағымызды үкiмет ойлайтын. 3-4 ай жұмыссыз жүрiп қалсаң, "жатыпiшерсiң" деп соттап жiберуге дейiн баратын. Күн сайын алатының қасаң ақпарат, коммунистiк партияның құдiреттiлiгi туралы жауыр болған жаңалық, Леонид Ильич Брежневтiң жүргiзiп отырған саясатының арқасында күн сайын дамып бара жатқан қоғам жайлы "жағымды сөздер". "Ойпыр-ай, қандай бақытты қоғамда өмiр сүрiп жатырмыз", - деп бiр-бiрiмiзге қарап, жымиып қоятынбыз... Сөйтсек, оның бәрi қып-қызыл ӨТIРIК екен. 1991 жылдың 17 наурызындағы "Кеңестер Одағын" сақтап қалуға байланысты өткен референдумның ресми қортындысы бойынша 113,5 миллион (76,43%) адам "иә" деп жауап берген екен. Жарты жылға жетпес уақыттан кейiн осы Отаны "опырылып" жатқан кезде бiреуi де қолына қару түгiлi, таяқ алып шықпады. Сонша адамның даусы да ӨТIРIК болып шықты Сөйтiп, адамды жек көруге құрылған идеологияның күшiмен орнаған қанқұйлы империя құлады. Коммунизмде өмiр сүремiз деген үмiтiмiз желге ұшты.

Есiңде бар ма жас күнiң,

Көкiрегiң толық, басың бос.

Қайғысыз, ойсыз, мас күнiң,

Кiмдi көрсең - бәрi дос, - деп Абай атамыз айтқан сөздiң бәрi рас. Жастық шақта не iстемейсiң, кiмнiң айтқанына ермейсiң, кiммен дос болмайсың? Дүниенiң бәрi саған күлiп тұрғандай болатын. Бiз ол кезде большевиктiк идеология нық орнаған Кеңестер Одағы деген мемлекетте өмiр сүрдiк. Бiз үшiн болашағымызды үкiмет ойлайтын. 3-4 ай жұмыссыз жүрiп қалсаң, "жатыпiшерсiң" деп соттап жiберуге дейiн баратын. Күн сайын алатының қасаң ақпарат, коммунистiк партияның құдiреттiлiгi туралы жауыр болған жаңалық, Леонид Ильич Брежневтiң жүргiзiп отырған саясатының арқасында күн сайын дамып бара жатқан қоғам жайлы "жағымды сөздер". "Ойпыр-ай, қандай бақытты қоғамда өмiр сүрiп жатырмыз", - деп бiр-бiрiмiзге қарап, жымиып қоятынбыз... Сөйтсек, оның бәрi қып-қызыл ӨТIРIК екен. 1991 жылдың 17 наурызындағы "Кеңестер Одағын" сақтап қалуға байланысты өткен референдумның ресми қортындысы бойынша 113,5 миллион (76,43%) адам "иә" деп жауап берген екен. Жарты жылға жетпес уақыттан кейiн осы Отаны "опырылып" жатқан кезде бiреуi де қолына қару түгiлi, таяқ алып шықпады. Сонша адамның даусы да ӨТIРIК болып шықты Сөйтiп, адамды жек көруге құрылған идеологияның күшiмен орнаған қанқұйлы империя құлады. Коммунизмде өмiр сүремiз деген үмiтiмiз желге ұшты.

Бiздi қойшы. Бiз боларымыз болып, бояуымыз сiңген адамдармыз. Қалай "қисық" тәрбиеледi, солай қисық болып қала беремiз. Бiздi ӨТIРIК болса да бiр идеоло­гия­мен "уландырды" ғой. Қазiргi жастар ше? Қызыл империяның күйреуi қарсаңында, қирап жатқан кезiнде, қирандысының үстiнде дүниеге келген жастар не iстеп жүр? Олардың алды жiгiт жасы 25-тен асып бара жатса, арты мектеп бiтiрiп жатыр. Олар қандай идеологиялық ұстанымдарға сүйенiп, "мастықпен" кiмдердiң артынан ерiп жүр? "Қайғысы" қандай, "ойы" неде? Осыған бiр көз жүгiртiп көрелiкшi...

Бiрiншiден, олардың бiлiм деңгейлерiн бағамдайық. Бiлетiнiм: қазiргi мектептердiң көрнекi құралдармен жабдықталуы жеткiлiктi дәрежеде емес. Жоғар­ғы сыныптарға өткен сайын ТЕСТ деген пәлекетке "тыңғылықты" даярлау басталады да, тестке қатысы жоқ пәндер қараң қалады. Балалар өз беттерiмен ойлануды қойып, тапсырмаларды көзсiз жаттап алуға көшедi. Ал жаттап алынған нәрсенi қайталап отырмасаң, ұмытылып қалатыны тағы да белгiлi. Сөйтiп, жатпай-тұрмай жаттаудың арқасында жоғарылау балл жинап, жолы болғандары жоғары оқу орындарына түсiп жатады. Қалғандары колледж, лицейлерге iлiнуге ұмтылып, әйтеуiр бiр мамандық иеленуге талпынады. Осы оқу орындарынан да жақсы мамандық алып шығатындарына күмәнiм бар. Ал оқу орындарының бiлiм берумен қатар негiзгi мiндеттерiнiң бiрi - азамат тәрбиелеп шығару. Осы мiндет қалай жүзеге асырылуда? Өзiмнiң байқағаным: өткенде "Сарыарқа" кинотеатрының артында өткен кезектi бiр митингiге бара қалсам, бiр жоғары оқу орнының қауiпсiздiк қызметiнде жұмыс iстейтiн танысым жүр. Оны осындай шарадан көрiп қалғаныма таңданыс бiлдiргенiмде ол сыбырлап қана: "Нәке, бiздердi студенттерiмiздi аңдуға жiбердi", - дедi. Жақында ғана бiр досым өзiнiң студент қызынан 25 қыркү­йек күнi ешқандай оппозицияның жиналысына бармайсыңдар деген қолхат алдырып алғаны туралы айтты. Бұл - менiң бiлетiндерiм ғана. Ал дәл осындай сұмдықтардың қаншасы болып жатқанын қайдам... Осыдан кейiн бұл жастардың бойында АЗАМАТТЫҚ қалай қалыптасады? Олар ертең де қолында билiгi бар бiр демагогтың "құрбаны" болып кете бередi ғой...

Екiншiден, жастардың қандай идеялардың соңынан iлесiп жүргенiн бiраз шолып шығалық. Қаптаған дiни секталардың жатпай-тұрмай жастарды өз жақтарына тартып жатқандары бәрiмiзге де белгiлi. Бiр жолы өзiм барып "Иегово куәгерлерi" шiркеуiне кiрiп көрдiм. Алматының тау бөктерiнде орналасқан шiркеуде адамның санасына у құю қызу жүрiп жатыр екен. Менi көрген қазақтың қыз бен жiгiттерi қаумалай тұрып, сұрақтарын жаудырып жатты. Түсiнгенiм: Құдайдың еврей халқын соншалықты неге сүйетiнiн мен әлi де бiлмейдi екенмiн. Ал қазақтың өрiмдей ұлдары мен қыздары топ-топқа бөлiнiп алып, "неге сүйедi, неге сүйедi?" - деп алып, оған өздерi жапа-тармағай жауап берiп жатты. Ал мұндай шiркеудiң Қазақстанда көптеп табылатыны анық. Бiр топ жастардан айырылдық деген осы...

Мұнан да сорақысы - мұсылман дiнiн жамылып алып, сұрқия тiрлiктерiн iстеп жатқан секталардың қаптап кеткенi. Олардың санын, ол жерлерде қанша жастардың уланып жатқанын ешкiм де тап басып айтып бере алмайды. Өзiме белгiлi болған бiр жайтты айта кетейiн. Апалы-сiңiлiлi тете өскен екi қыз Алматыдағы жоғары оқу орындарына оқуға түседi. Тәрбиелерi орысшалау болған екен. Әке-шешелерiнiң жағдайлары жаман болмағандықтан, екеуiне бөлек пәтер жалдап берген. Осы екi қызды бiр дiни секта қолдарына түсiрiп, тұмшаландырып киiндiрiп, "таза құдай жолына" түсiрiп қояды. Ол екеуi әке-шешелерiнiң берген тиын-тебендерiн жаңағы секта басшыларына берiп, өздерi "несiбемiз құдайдан" деп аш жүредi. Ақырында екеуi де құрт (туберкулез) ауруының ашық түрiне шалдығып, оқу да жоқ, тоқу да жоқ әке-шешесiнiң үйiнде "домашний аресте" отыр. Олар кiтап оқымайды, теледидар қарамайды, той-томалаққа бармайды, барлық салт-дәстүрдi мойындамайды. Жалындап тұрған екi жасөспiрiм қыздың "оттары" осылайша сөндi. Мұндай, болмаса осыған ұқсас мысалды кез келген адам өзiнiң айналасынан көре алады. Қазiргi жастарымыздың көбiсiнiң сиқы осындай...

Ал ендi жастардың басындағы осындай және басқа да жағдайлар нелiктен болады деген мәселеге бiрер сөз. Менiң ойымша: бұл бiздiң әлi де Ұлттық Мемлекет еместiгiмiзден. Сондықтан да бiзде жастарды ұлттық негiзде тәрбиелейтiн бағдарлама да, тұғырнама да жоқ. Ал ондай құжатсыз жастарымыз ауа жайылып кетедi, солай болып та жүр. "Нұр Отанның" жастар қанаты басқарған әртүрлi жастар ұйымдары бiр нәрсе жасаған сияқты болғандарымен, олар бiр реттiк қана шаралар түрiнде қалып қойып жүр. Мемлекет тарапынан ұлттық мүддеге негiзделген жалпыға бiрдей жастар туралы бағдарлама жасалмай, жастарымыздан айырыла беретiн боламыз. Олар беттерiне күле қарағандардың, тиын-тебеннiң шет жағасын көрсеткендердiң етегiнен ұстап кете беретiн болады. Қазiргi билiктен де қайран жоқ. Оларды да түсiнуге болады. Билiкте отырғандар толығымен дерлiк бұрынғы коммунистер мен комсомолдар десек, қателеспеймiз. Оның үстiне олар - қып-қызыл коммунистер мен комсомолдар. Олардың сыртқы өңдерi өзгергендерiмен, iшкi дүниелерi солайымен қалды. Алған бiлiмдерi, көрген тәрбиелерi, iстеген iстерi - барлығы да Кеңес Одағы кезiнде қалыптасқан. Ал ол кезде ұлтшыл болу - барып тұрған қылмыс болып табылатын.

Қазiргi кезде, бәрiнен де жоғары ҰЛТ, ҰЛТТЫҚ МҮДДЕ екенiн түсiнген азаматтардың негiзгi мақсаты - соңымыздан келе жатқан жастарға осы құндылықты сiңдiру болып табылады. Сонда ғана қазiргi жастар Ұлттық Мемлекет құра алады. Сол кезде барып бiз болашақ жастардың нық қолында екенiн бiлетiн боламыз.

 

Нағашыбай Есмырзаев,

Алматы қаласы

"Жас алаш" газеті

 

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 698
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 498
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 424
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 438