Сенбі, 4 Мамыр 2024
Жаңалықтар 7642 0 пікір 4 Ақпан, 2015 сағат 22:34

ӘМЕН ҚАЙДАРОВ ДҮНИЕ САЛДЫ

Тоқсан екі жасқа қараған шағында көрнекті режиссер, Ұлт анимациясының атасы Әмен Қайдаров дүние салды.

Әмен ақсақал 1923 жылы Қарағанды өңірінде дүниеге келген. Алматыдағы суретшілер училищесін бітіріп, 1958-1965 жылдары Мәскеудегі Мемлекеттік кинематография институтының көркемсурет факультетін тәмамдаған алғашқы қазақтың бірі. 1965 жылы «Казақфильм» киностудиясына режиссер болып келіп, өмірінің соңына дейін отандық мультипликациялық жанрдың дамуына үлес қосты.

Әмен Қайдаровқа өз ісінің шебері ретінде өшпес даңқ әкелген қазақтың алғашқы мультфильмі – «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?» атты ертегі болатын. Бала танымына сай сәтті шыққан өнер туындысы Ұлттық анимациялық фильмдердің көшбасшысы болып қана қоймай, мемлекет абыройын асқақтатқан шара болды. Сол кездегі «Казақфильм» киностудиясына басшылық еткен Камал Смаиловтың тікелей қолдауымен 1967 жылы жарыққа шыққан «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?» мультфильмі әлемнің 48 елінде көрерменге ұсынылып, Ленинградта өткен ІІІ Бүкілодақтық кинофестивальде Бас жүлдені, ал, 1975 жылы Нью-Йорк қаласында өткен Халықаралық мультфильмдер фестивалінде қола жүлдені иеленген болатын.

Абай.kz порталының ұжымы абыз ақсақал Әмен Қайдаровтың қазасына байланысты, марқұмның отбасы мен туған-туыстарына қайғырып көңіл айтады.




0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1024
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 891
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 673
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 749