Жұма, 3 Мамыр 2024
Жаңалықтар 3387 0 пікір 4 Қазан, 2010 сағат 19:03

Сүйінші! Бір жарым жылда бір жарым миллионнан астық!

Құрметті abai.kz порталының оқырмандары!

Өздеріңіз сүйіп оқитын хакім Абайдың атындағы ақпараттық портал өткен жексенбі күні тағы бір тарихи межесінен сүрінбей өтті. Атақты «майл.ру» әлеуметтік желісінің рейтинг қызметінің дерегіне сүйенсек, портал құрылғалы бері оның тұтынушылары сайтқа бір жарым миллион рет кіріпті! Бұл біздің портал үшін де, жаңадан қалыптасып, тәй-тәй басып келе жатқан қазақтілді интернет үшін де маңызды жаңалық болып табылады.

Құрылуына, аяғынан тік тұруына барлықтарыңыз жәрдемдесіп, жанашыр болып келе жатқан abai.kz порталы бүгінгі күні көптеген жылдар бойы қызмет етіп келе жатқан орыстілді сайттар мен порталдардан басып озып, қазақ интернетінің тірі екенін, оның болашағының бар екенін барша қауымға паш етіп келеді. Қазақ жастары мен қазақ ауылы ғаламторға қосылған сайын оқырманымыздың қатары күн санап арта түсуде. Лайым осылай болсын. Түптің түбінде «Қазнет» орыс интернетінің құрамдас бөлігі, көлеңкесі емес, өзіндік бет-келбеті, өз оқырманы бар тек қана қазақ тілінде тәуелсіз ақпарат тарататын кеңістікке айналатынына біздің еш күмәніміз жоқ.

 

Портал туралы бірнеше дерек:

Құрметті abai.kz порталының оқырмандары!

Өздеріңіз сүйіп оқитын хакім Абайдың атындағы ақпараттық портал өткен жексенбі күні тағы бір тарихи межесінен сүрінбей өтті. Атақты «майл.ру» әлеуметтік желісінің рейтинг қызметінің дерегіне сүйенсек, портал құрылғалы бері оның тұтынушылары сайтқа бір жарым миллион рет кіріпті! Бұл біздің портал үшін де, жаңадан қалыптасып, тәй-тәй басып келе жатқан қазақтілді интернет үшін де маңызды жаңалық болып табылады.

Құрылуына, аяғынан тік тұруына барлықтарыңыз жәрдемдесіп, жанашыр болып келе жатқан abai.kz порталы бүгінгі күні көптеген жылдар бойы қызмет етіп келе жатқан орыстілді сайттар мен порталдардан басып озып, қазақ интернетінің тірі екенін, оның болашағының бар екенін барша қауымға паш етіп келеді. Қазақ жастары мен қазақ ауылы ғаламторға қосылған сайын оқырманымыздың қатары күн санап арта түсуде. Лайым осылай болсын. Түптің түбінде «Қазнет» орыс интернетінің құрамдас бөлігі, көлеңкесі емес, өзіндік бет-келбеті, өз оқырманы бар тек қана қазақ тілінде тәуелсіз ақпарат тарататын кеңістікке айналатынына біздің еш күмәніміз жоқ.

 

Портал туралы бірнеше дерек:

Бүгінгі күні портал құрылғалы бері оның клубына мыңнан астам адам ресми түрде мүше болып тіркеліп, өзінің ойлары мен пікірлерін сайтқа жазып жүр! Бүгінгі күні порталдағы барлық жазбалардың саны жиырма төрт мыңнан асып түсті!

Портал құрылған бойдан әйгілі «Авард» конкурсының иегері атанды. Редакция бір жылдың ішінде қазақ тілінде ақпарат тарататын үздік сайт ретінде мемлекеттік органдардың, әкімдіктердің, «Нұр-Отан» партиясының алғыс хаттары мен жүлделерін алып үлгерді.

Күн сайын порталда жиырмадан астам мақала, жаңалықтар басылып, қызу талқыланып жатады.  Порталдың «Абай», «Алашорда», «Тарих», «Мәдениет» т.б. тарауларында баршаға ашық қомақты ақпараттық қорлары жинақталып келеді.

Порталда көтеріліп жатқан мәселелер республикалық, аймақтық газетерде, сайттарда жалғасын тауып жатады. Порталдың редакциясы республикалық, аймақтық басылымдарда жарияланып жатқан үздік мақалаларды көшіріп басып отырады.

Портал редакциясы көптеген республикалық акцияларға қатысып, оларға ақпараттық қолдау көрсетіп отырды. Редакцияның өзі мұрындық болған бірнеше қоғамдық акциялар өтті. Олардың атақтылары Жәнібек пен Керей бабаларымыздың ескерткіштерін қайта орнатуға, ұлтқа қарсы Доктринаны қайтаруға арналғанын жақсы білесіздер.

Портал құрылғалы бері бірнеше интернет-конференция, отызға жуық сауалнама өткізілді. Порталдың «Қазнет» тарауында қырықтан астам қазақтілді сайттардың жарнамасы жарияланды.

«КаунтЗиро» рейтинг сайтының дерегі бойынша бүгінгі күні біздің портал Қазақстандағы төрт мыңнан астам сайттың алғашқы жүздігінен мықтап орын алып, 70-90-шы орындарда мықтап орналасқан;

«Count zero» рейтинг сайтының дерегі бойынша бүгінгі күні біздің портал ғаламтордағы қазақстандық 337 баспасөз құралдарының ішінде алғашқы жиырма сайттың құрамына кіріп, аты әйгілі «Номад», «Зона», «Тудэй.кз» ақпараттық порталдарымен, «Қазақ ақпарат агенттігі», «Қазақстан бүгін» ақпарат агенттіктерімен, «Время», «Караван», «Диапозон», «Казахстанская правда» сияқты газеттердің сайттарымен иық теңестіріп тұр.

Бір қызығы жоғарыда аталған ақпарат көздеріне қазағы да, орысы да кіретін болса, біздің тұтынушыларымыз тек қана өзіміздің қандастарымыз. Бұның өзі таза қазақтілді интернеттің кез-келген орыстілді сайттармен бәсекелестікке шыдай алатынының белгісі, нышаны емес пе?

 

Тағы бірнеше дерек:

«Майл.ру» рейтинг қызметінің хабарына сенсек, өткен қыркүйек айында біздің порталға отыз мыңнан астам тұтынушы (уникальный пользователь) кіріпті. Олардың тоқсан төрт пайызы Қазақстан Республикасаның азаматтары екен. Жалпы алғанда порталды қырықтан астам мемлекетте жүрген қандастарымыз тұрақты түрде қарап отыратыны белгілі болды. Біздің шетелдік оқырмандарымыз ең көп шоғырланған елдер (тұтынушылар саны бойынша): АҚШ, Ресей, Қытай, Моңғолия, Түркия, Германия, Түркия, Чехия, Өзбекстан, Қырғызстан, Ұлыбритания, Франция екен.

 

Біздің портал шын мәнінде қазақ жастарының порталы болып табылады. Бұны төмендегі деректер толық растай алады (қыркүйек айындағы аудиторияның жастық және жыныстық көсреткіштері):

 

Ерлер (%)

Жасы

Әйелдер (%)

1,87%

12-ден кіші

1,90%

15,46%

12-18

24,71%

12,35%

19-24

14,79%

6,50%

25-30

5,32%

2,99%

31-35

3,00%

1,93%

36-40

2,33%

1,35%

41-45

1,47%

1,16%

46-50

0,82%)

1,25%

50-ден жоғары

0,80%

 

Жыныстық жағынан алғанда, қыркүйек айында порталға кірген тұтынушылардың 44,85% еліміздің ер азаматтары болса, 55,15 пайызы алаштың арулары екен.

 

Біздің порталдың тұтынушылары негізінен Google, Яndex, Поиск@Mail.ru, Bing.com, Rambler, Nigma.ru, ICQ.com іздегіштерін пайдаланып, бізді Facebook, Мой мир@Mail.ru, Twitter, LiveInternet, В Контакте сияқты әлеуметтік жүйелері арқылы насихаттайды екен.

 

Бүгінгі жетістіктеріміз осындай, құрметті абайшылар!

Алдағы уақытта порталдың редакциясы бірнеше интернет-жобаны бастауды көздеп отыр. Құдай қаласа, жуырда порталдың «Аймақтар», «Тарих», «Мәдениет», «Әдебиет» сияқты тараулары өз алдына шаңырақ құратын болады. Оларға «Шоқан Уәлиханов» атты арнайы бет қосылады.

Жылдың соңына дейін порталдың жаңа дизайны дайындалып, оның тұтынушылар үшін ыңғайлы, оңтайлы болуы үшін қажетті жұмыстардың барлығы жасалады.

Сонымен қатар бірнеше күннен кейін біздің редакция қатарға «Ойтөбе» атты блоггерлік платформасы мен қазақ саясаты мен руханиятының патриархы Ахмет Байтұрсыновтың әйгілі туындысымен аттас «Маса.қз» атты саяси-ақпараттық сайтын іске қосылатыны туралы қуана-қуана хабарлайды.

Осы бағыттарда бізге берер кеңестеріңіз бен ойларыңыз болса, «Ойтөбе» блог-платформасының тұрақты блогшысы болғыңыз келсе, өздеріңізге белгілі abai-akparat@mail.ru электронды поштасына хат жазуларыңызды сұраймыз.

Өздеріңізге деген ізгі ниетпен,

 

«Абай-ақпарат»

 

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 612
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 361
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 357
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 362