Сенбі, 4 Мамыр 2024
Талдау 4825 0 пікір 11 Ақпан, 2015 сағат 12:41

КЛАНДЫҚ КАПИТАЛИЗМНІҢ СОҢҒЫ НҰСҚАСЫ

Мәскеуде 23 желтоқсанда Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) шеңберінде жоғарғы деңгейдегі кездесу қарсаңында Беларусь Президенті Александр Лукашенко Ресей саясатына дүрсе қоя беріп, оны "ақымақ және мисыз" деп атады. Оның ашу-ызасы өз елінен белгілі бір өнімнің апарылуына Мәскеудің енгізген шектеулерінен, сондай-ақ «бауырлас» халықтардың арасындағы көптеген басқа жинақталған текетірестерінен туындады.
Бірнеше күн бұрын Лукашенко белорус-ресей шекарасында кедендік бақылау-өткізу пункттерін қалпына келтіруге бұйрық берді, сондай-ақ екі ел арасындағы тауар айналымы АҚШ долларымен жүзеге асырылатын болады деп жариялады. Қазақстанның Патриоттар партиясының төрағасы Ғани Касымов өз кезегінде Қазақстан үкіметіне былай деп үндеу тастады: "Ресейде экономикалық жағдаят қалпына келгенше ЕАЭО нормаларын енгізуді бір жылға кейінге қалдыру керек. Мұндай есеңгіретер астан-кестеңнен, экономикалық құлдыраудан соң біз экономикалық жағынан бауырласа алмаймыз. Олардың дағдарысы біздің және Беларусьтің ахуалын шиеленестіріп жібереді". Қазақстан қазірдің өзінде «тоңазытар әсерді» сезініп отыр: Ресейден импорт енді $ 17,7 млрд-ты құрауда, ал бұл тұста қазақстандық экспорт $ 5,8 млрд-қа бағаланды (қазақстандық экспорттың 2014 жылғы жарты жылда 2013 жылмен салыстырғанда  21 пайызға кемігенінен кейін).
Мұның бәрі жаман көрініс көрсетеді, бірақ та көптеген сарапшылар мен байқаушылар жұртшылықты айтпағанның өзінде әзірше тағы да бір ең маңызды жәйтті байқамады: ЕАЭО тауарлардың, капитал мен жұмыс күшінің еркің трансшекаралық жылжуына мүмкіндік береді; Беларусь пен Қазақстан ендігі жерде бизнес пен мемлекеттік құрылымдарға өтетін ресейлік ұйымдасқан қылмыстың ықпалына ұшырайтын болады, олар бұған дейін осы елдердегі  авторитарлық басшылықтың қатаң бақылауында еді.
Беларусьте болған кезде Минскінің көшелері мен даңғылдары таза да жинақы, медициналық қызметтері реттелген, ал полицейлер Ресейдегі "погон таққан басбұзарлар" емес, нағыз халық қорғаушылар екендігін сезінесіз. Осының бәрі өзгеруі мүмкін жөніндегі мазасыздық Лукашенко неге Мәскеудің белорустық ет және сүт өнімдерін апаруға тыйым салатынымен ұшырасқанда Путиннің "екіжақта саудада байитын алаяқтармен" күресіне күдікпен қарайтынын түсіндіреді. Яки ол мүмкін Мәскеу саясат бұлтарыстарын, сыртқы саясаттың құралдары ретінде қайсыбір жасырын жобалар мен «ішкі күштерді»  пайдаланды деп жорамалдады.
Астана да көп нәрсе жоғалтуы мүмкін. Қазақстанның нарықтық экономика жағдайындағы самғаулары мен құлдилауларына қарамастан, ел Бүкіләлемдік банктің бәсекеге қабілеттілік индексі бойынша 47-ші және бизнесті жүргізу жеңілдігінің  рейтингінде 50-ші орынға көтерілді. Төрешілдік дәйекті түрде қысқаруда, соның ішінде электрондық үкіметтің тұжырымдамасын тиімді іске асыру арқасында: Қазақстан БҰҰ-ның e-government рейтингінде 28-ші орынға көтерілді. Ең негізі, қазақстандық азаматтардың көпшілігі нарықтық ойлау жүйесін меңгерген. Қазақстан кәсіпкерлері өркениеттік ережелер бойынша жұмыс істеуге үйреніп алды. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев оның елі дүние жүзінде шетелдік инвестициялар үшін 20 ең тартымды елдердің қатарына кіретінін растады.
Ресейлік содыр топтар бұрыннан-ақ экономикалық және әлеуметтік дағдарыстарды, сондай-ақ өзінің ықпалы мен байлығын ұлғайту үшін реформаларды пайдалану қабілетімен белгілі. Және де ресейлік қылмыстық элементтердің ортақ нарыққа еніп кетуі үшін Қазақстандағы сыбайластарымен байланысқа шығатын кез келген талпынысы қолайлы орынды әбден таба алады. Ал бұл сәтте Қазақстан іскерлік және инвестициялық климаттың рейтингтері бойынша біртіндеп келе жатады да, елі сыбайлас жемқорлықпен күресте оза шаба алмайды. Transparency International деректеріне сай ел сыбайлас жемқорлық жөнінде 2014 жылы 126-шы орынды иеленді, ал 2013 жылы 140-шы орында болатын.
Путиннің анықтамасы бойынша "бесінші колонна" батыстың мүдделеріне қызмет ететін және Рсейдегі тұрақтылықты бұзатын ішкі күштерді білдіреді. Сонымен бірге қылмыстық топтармен ауыз жаласып кеткен ресейлік олигархтар Мәскеу мүдделерін таяу шетелде, мәселен, Украинада жылжытуда осындай рөл ойнайды деген ортақ пікір қалыптасқан. Нобель сыйлығының лауреаты Пол Кругман "путиндік Ресей – бұл кландық капитализмнің соңғы нұсқасы, бұл бейтарап адамдардың тек жеке баюы үшін орасан зор ақша сомаларын беретін клептократия" деп атап өтті. ЕАЭО-ның әсіресе украиндық дағдарыс аясындағы саяси салдарларын көптеген белорустар мен қазақтардың көріп қорқатыны таңқаларлық емес.

Жан ДУЛАК, 

француз журналисі.

Тәржімалаған:Бақытжан ТОБАЯҚ.

 

Абай.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1036
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 912
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 681
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 765