Жұма, 3 Мамыр 2024
Көк тудың желбірегені 5739 0 пікір 12 Ақпан, 2015 сағат 13:09

Ауыт МҰҚИБЕК. БҰЛ ЖАҒЫНАН ДА ОРАЛМАНДАРДЫҢ БЕТІ ЖАРЫҚ!

Кешегі Үкіметтің кеңейтілген мәжілісінде «Мемлекет қаржысының есебінен өз ата-бабаларының мерейтойын өткізуді доғару керек. Сонымен қатар, жөн-жосықсыз атаулы күндерді мерекелеуді де мүмкіндігінше қазірше азайта тұрғанымыз абзал. Мен өзі ұлы тұлғаларды дәріптеуге арналған мұндай шараларды өткізуді қолдаймын. Десек те, ұйымдастыру керек болып жатса, мемлекеттің ақшасына емес, демеушілердің қолдауымен ат шаптырып, ас берсін. Оған қарлысығым жоқ. Бірақ, мемлекеттік деңгейде оңды-солды той тойланбауын вице-премьер Бердібек Сапарбаевқа тапсырамын. Ондай жиын-тойға жұмсалар қаражатқа балаларымызды оқытып, емдегеніміз жөн болар», - деді Нұрсұлтан Әбішұлы.
Өте дұрыс айтылған сөз.
Бұл жағынан да оралмандардың беті жарық!
Үкімет алыстан келген ағайыннан үлгі алғаны жөн!
Біздің қандастарымыз мұндай тойларды мемлекетке бір «грамм» салмақ салмай-ақ, өз қаржыларына кең ауқымды, мән-мағыналы етіп халықаралық деңгейде өткізіп келеді. Мысалы, 2013 жылы өткен Жәкулә болыстың 150 жылдығы, өткен жылы тойланған Ер Жәнібектің 300 жылдығы.
Ол аз десеңіз, былтыр 22 қазанда Елбасы «Келесі 2015 жылы Қазақ хандығының 550 жылдығын атап өтеміз» деп айтып, ауыз жиғанша, «Қамшы.кз» порталы тағы да сол шекара асып келген ағайындардың демеушілігімен бәйге көлемі 3 000 000 теңге тұратын мүшайра жариялап үлгірді.
Отанға махаббат деп осыны айт!

Абай.kz

 

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 768
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 580
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 476
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 487