Дүйсенбі, 29 Сәуір 2024
Жаңалықтар 4909 0 пікір 19 Ақпан, 2015 сағат 10:46

ӘБЛЯЗОВ ТУРАЛЫ ӘПСАНА АЯҚТАЛЫП КЕЛЕДІ...

 

Қашқын олигарх Мұхтар Әблязовтың Франция аумағында ұсталып, қамауға алынғаны белгілі.
Француз соты бұрынғы банкирге қатысты экстрадициялау шешімін қабылдауды кері шегеріп келе жатқанына біршама уақыт болды. Талап бойынша Әблязов халықаралық іздеу жариялаған Қазақстан, Ресей және Украина тарапының біріне қайтарылуы тиіс болатын. Бірақ, Қазақстан мен Франция арасында тұтқындар алмасу туралы келісім болмағандықтан, сот экс-банкирді Ресей мен Украина елдерінің біріне жөнелтуге ниет білдірген. Енді осы шешімінің нақтыланатын күні таяу қалды.
Францияның жоғарғы кассациялық соты Әблязовтың қорғаушыларының талабына қайта қарап, оны бостандыққа шығарудан бас тартты. Ал, оны экстрадициялау туралы соңғы шешім наурыздың төртінде шығарылатын болды.
Абай-ақпарат.
0 пікір