Бейсенбі, 4 Наурыз 2021
Жаңалықтар 3507 0 пікір 26 Ақпан, 2015 сағат 10:20

ТҚЖБ: «Жас отбасыға арналған тұрғын үй» жобасы жалғасады

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі «Қолжетімді тұрғын үй–2020» бағдарламасы аясында 60 миллиардқа жуық теңгені бюджетке мерзімінен бұрын қайтарды.

«Бәйтерек» Ұлттық басқару холдингінің еншілес компаниясы – «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ биыл «2020 жылға дейін өңірлерді дамыту» – «Қолжетімді тұрғын үй–2020» бадарламасы бойынша өз бағытын толық көлемде іске асырмақ. Банктің баспасөз қызметі хабарлауынша, салынып жатқан нысандарды қаржыландыру толық сақталатын болады. ҚТҚЖБ «Жас отбасыға арналған тұрғын үй» және «Халықтың барлық санатына арналған тұрғын үй» атты екі бағытын әрі қарай да жүзеге асыра береді.

Бірінші санат бойынша 2 164 пәтер пайдалануға берілсе, ал екінші санат бойынша Банктің 5 923 салымшысы пәтер алды. Биыл жалпы ауданы 540 мың шаршы метр болатын тұрғын үйлер пайдалануға беру жоспарланып отыр (тұрғын үйді пайдалануға берудің жылдық жоспары – 300 мың шаршы м.). Қолжетімді тұрғын үйлердің бір шаршы метрінің бағасы бұрынғы күйінде қалады.

2014 жылы Банк «Қолжетімді тұрғын үй–2020» бағдарламасын жүзеге асыру қарқынын төмендеткен жоқ. Жыл қорытындысы бойынша, жалпы ауданы 429,3 мың шаршы метр болатын тұрғын үй немесе 7033 пәтер пайдалануға берілген.

«Қолжетімді тұрғын үй – 2020» бағдарламасы аясында тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесінің қаржысы тиімді пайдаланылып келеді. Бұл мемлекет бюджетіне түсетін салмақты азайтады. Мәселен, тұрғызылған үйлердің төлемі ретінде Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі 2014 жылы жергілікті атқару органдарына 34 миллиард теңге аударды. Бағдарлама жүзеге аса бастағаннан бері, яғни 2012 жылдан бері өткен тұрғын үйлер үшін Банк әкімдіктерге 59,9 миллиард теңге аударды.

Естеріңізге сала кетсек, «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ – «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-ның еншілес компаниясы. Холдинг экономиканы дамыту және әртараптандыруға ықпал ету, инвестиция тарту, кластерлерді дамыту және оның еншілес ұйымдарында корпоративтік басқару жүйесін жетілдіру мақсатымен құрылған.

Абай-ақпарат.

0 пікір