Жұма, 3 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2747 0 пікір 4 Қазан, 2010 сағат 07:17

ҰҒМО директорының орынбасары қаржы полициясы мен БАҚ-қа Досқалиевтің жағдайы туралы жалған мәлімет бергенін мойындады

Астана. 4 қазан. ҚазТАГ – Елена Преображенская. ҰҒМО директорының орынбасары қаржы полициясы мен БАҚ-қа денсаулық сақтау министрі Жақсылық Досқалиевтің жағдайы туралы жалған мәлімет бергенін мойындады, деп мәлім етті ҚР экономикалық қылмыспен және сыбайлас жемқорлықпен күрес агенттігінің (қаржы полициясы) ресми өкілі Мұрат Жұманбай

«Консилиумның төрағасы, ҰҒМО бас дәрігерінің орынбасары Әлібек Мұстафин біздің сұрақтарымызға жауап беру барысында Досқалиевтің емханаға түскен сәттен осы уақытқа дейін есінде болғанын, денсаулығы да дұрыс болғанын мойындады», - деді М. Жұманбайдүйсенбі күні брифингте.

«Ә.Мұстафиннің айтуынша,ол жалған диагноз қойып, тергеу органдары мен БАҚ-қа жалған ақпарат беруге Досқалиевтің өтініші бойынша барған», - деді ол.

Бұрын хабарланғандай, 21 қырқүйекте Ж. Досқалиевке қатысты қызмет бабын асыра пайдалану фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. 22 қырқүйекте қаржы полициясында одан жауап алынды. 25 қырқүйекте ол күдікті ретінде Астана ІІД уақытша оқшаулағышына қамалды, сол жерде оның қан қысымы көтеріліп, 26 қырқүйекте инслуьт алған ол республикалық клиникалық ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлер оның жағдайын ауыр деп бағалап отыр. 27 қырқүйекте Астананың аудандық соты күдіктінің денсаулық жағдайына байланысты қаржы полициясының оны қамауға алу туралы өтінішін қанағаттандырмай тастады.

Қаржы полициясы Ж.Досқалиевті 2005-2006 жылдары қазақ медициналық академиясының ректоры болғанда жол берген бұзушылықтары үшін қылмыстық жауапкершілікке тартпақ.

Қаржы полициясының мәліметіне сәйкес, Ж. Досқалиев жеке мүдделерін көздеп, академияның жер телімдерінде тұрғын үй кешендерін салу туралы келісімшартқа отырған. Құрылысты аяқтаған компания Ж. Досқалиевтің бас сенімхаты бойынша пәтерлерді академияға қатысы жоқ адамдарға нарықтық бағамен сатқан. Ж. Досқалиевтің өзі екі пәтер мен коттеджге ие болған. Аталған жер телімдері академияның оқытушыларына арналған.

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 599
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 342
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 347
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 350