Жұма, 3 Мамыр 2024
Қоғам 5571 0 пікір 4 Наурыз, 2015 сағат 13:53

БІЗДІҢ ТАҢДАУЫМЫЗ - ЕЛБАСЫ!

 

 

Алыс-жақын шетелдерден Атажұртқа оралған қандастарымыздың

қоғамдық ұйымдарының

Қазақстан халқына

ҮНДЕУІ

Құрметті отандастар!

Бүгінде әлем үлкен өзгерістің алдында тұр. Ғаламды шарпыған қаржылық дағдарыстың салдары еңсерілмей жатып, екінші толқыны келе жатыр. Біз биылғы жылғы Президент сайлауын – алда болуы мүмкін осындай ғаламдық дағдарыс пен бұралаң жолдардан алып шығатын әрі Қазақстанның мемлекеттігін одан әрі нығайта түсетін аса маңызды стратегиялық қадам есептейміз. Сол себепті, ұлтаралық бірлік пен тату­лық­тың символына айналып отырған Қазақстан халқы ассамблея­сы­ның Президент сайлауын өткізу бастамасы бірден-бір дұрыс, дер уағында көтерілді. Біз бір ауыздан қолдаймыз!

Атам қазақта «те­мірді қызған кезінде соқ!» деген қанатты сөзі бар. Өйткені, алда «Қазақстан-2050» Стратегиясы, «Мәңгілік ел» ұлт­тық идеясымен тәуелсіз Қазақстанның өркендеу жолына жаңаша сипат беретін «Нұрлы жол» бағ­дарламасы тұр. Елбасы ұсынған бұл жобалардың барлығы тек қиындықтарды еңсе­рудің жолы ғана емес, ұзақ ­мер­­зімді даму жоспары әрі әлемді шарпыған дағдарыс дауылынан алып шығатын айқын бағыт екені даусыз. Сондай-ақ, қоғамды топтастырудың, бірлікке, келісім мен саяси тұрақтылыққа бастайтын сара жол деп білеміз.

Даму жолы жарқын, болашағы айқын Қазақ елінің, Тәуелсіздігі қолында тұрса ғана, әрбір күні мереке, әрбір таңы береке. Құдайға тәубе, Қазақстан әлемдік қауымдастық алдында өзіне жүктелген кез келген міндетті қаймықпай көтеріп, абыроймен атқарып келеді. Соның жарқын көрінісі – ЕЫҚҰ Астана саммиті, Азия ойындары. Аса беделді халықаралық институттардың бірі - Ислам Конференциясы Ұйымына төрағалық еттік.

Биылғы жыл да тарихи оқиғаларға толы болғалы отыр. Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойы, Ұлы Жеңістің 70, Қазақстан Конституциясы мен ҚХА-ның 20 жылдығы, сондай ақ, ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі және 2017 жылы Қысқы универ­сиада ойындары секілді әлемдік деңгейдегі шаралар тұр. Оған 2020 жылға қарай Қазақстан халқының санын 20 миллионға жеткізу керек деген ұлы ұранды қосыңыз.

Тағдырдың жазуымен әлемнің әр шалғайына тарыдай шатырап кеткен қандастарымыздың Қара шаңырақ – Қазақстанда басын қосуға арналған Көші-қон саясаты да Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев тұңғыш әрі ерте жолдаған Ұлы бастама. Осынау салихалы саясаттың арқасында бір миллионға таяу қандасымыз Отан құшағына оралды. Сонымен бірге, осы Көшті баялатуға, тоқтатуға талпынған күштердің «Қандастарымызға жол ашуымыз керек. Қазақтың жері кең. Орналасамын деген жерін өзі таңдасын!» деп жолын кескен тағы Нұрсұлтан Әбішұлы.

Соған сай, Елбасының тікелей тапсырмасымен Қазақстан Үкіметі қайта дайындаған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың көші-қоны және жұмыспен қамтылуы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы қазір ҚР Парламентінің Мәжілісінде қаралуда. Демек, алда шеттен келетін Қазақ көшінің екінші өрлеу кезеңі басталмақ!

Әрине, мұның барлығын қазақ елінің тұңғыш Президенті, Ұлт Көшбасшысынсыз өз деңгейінде өткізіп шығу, мүлтіксіз орындау мүмкін емес!

Біз – Тәуелсіздік таңы атысымен алыс-жақын шетелдерден Атажұртқа оралған, Қазақстан азаматы болып қалыптасқан қандастар қауымы да мұндай тарихи маңызы зор, саяси жауапкершілігі күшті науқаннан шет қалуға хақымыз жоқ, белсенді түрде қатысамыз.

Сайлау – жалпыхалықтық демократияның жарқын көрінісі. Әрі оған қатысып, өз таңдауымызды жасау да үлкен жауап­кершілік деп санаймыз.

Сон­дықтан, азаматтық қоғам құрушы еркін елдің барлық азаматтарын президенттік сайлауға үн қосуға шақырамыз!

Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың кезеті сайлауға өз кандидатурасын ұсынуын сұраймыз!

Оралмандардың «Асар» республикалық қоғамдық бірлестігі,

Оралмандардың «Жебеу» республикалық қоғамдық бірлестігі,

«Балалар шығармашылығын қолдау» қоры,

«Демеу» ана мен балаларды қолдау қоғамдық бірлестігі,

Республикалық «Отандас Ел» қоғамдық бірлестігі,

«Алаш жұрты» қоғамдық бірлестігі,

«Қазақтану» республикалық қоғамдық бірлестігі,

«Жезбұйда» республикалық жастар қоғамдық бірлестігі.


Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 905
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 758
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 588
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 595