Сенбі, 4 Мамыр 2024
Мәйекті 10558 0 пікір 21 Наурыз, 2015 сағат 00:55

Қалқаман САРИН. ...ҚАЙДА?

Астана, менің НАУРЫЗЫМ қайда,
Жолына кімдер ор қазған?
Қазаққа біткен "жалғыз ұл" қайда,
Төрелік айтып төрге озған?

Астана, менің дәстүрім қайда,
Жақсы ырым қайда кешегі?
Тасыр қоғамның тасқыны ұрмай ма?
Тұлпардан озып есегі.

Астана, менің домбырам қайда,
Мол мұрам қайда?
...Жаңғырық!
Жазмыш дейміз, сорды маңдайға,
Жазбаған шығар мәңгілік.

Астана, менің күй-әнім қайда,
Қиялым қайда күнге ұшқан?!
Күйіп кетесің, иә, мұндайда,
Біле алмай кім дос, кім дұшпан?

Астана, менің асылым қайда,
Ғасырым қайда көп күткен?
Көзімнің мынау жасы құрғай ма,
Жұбатар бір жан жоқ, тіптен!..

Астана, менің БЕСІГІМ қайда,
Есімің қайда ел сүйген?
Кеудемсоқ билік, кешірім қайда?
Меңіреу тірлік мелшиген...

Астана, менің намысым қайда,
Арысым қайда алып тым?!
Баламның сағы тағы сынбай ма?
Өтірік айтып жалықтым...

Астана, менің НАУРЫЗЫМ қайда,
Жолына жанын кім қияр?
АЗАТТЫҚ, бәлкім, ақ жүзіңді АЙҒА,
Балап жүргенім құр қиял!..

(Өлең ақынның facebookтегі парақшасынан алынды).

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1013
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 881
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 659
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 742