Жексенбі, 28 Сәуір 2024
Жаңалықтар 4246 0 пікір 3 Сәуір, 2015 сағат 15:38

АҚТАУДАҒЫ ҚОНЫС ТОЙЫ

Ақтауда 400 отбасы «Қолжетімді тұрғын үй – 2020» бағдарламасымен салынған пәтерлердің кілтін алды

Ақтау қаласының 32 А ықшамауданынан 400 отбасы Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі желісі бойынша «Қолжетімді тұрғын үй – 2020» бағдарламасымен салынған пәтерлердің кілтін алды. Жыл соңына дейін  ҚТҚЖБ желісі бойынша Бағдарламаға қатысушылар үшін 120 және 670 пәтерлі тағы да екі үйдің құрылысын аяқтау жоспарланып отыр.

Салтанатты жиынға Маңғыстау облысының әкімі Алик Айдарбаев және «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары Ербол Қарашүкеев қатысты.

- Былтыр Маңғыстау облысында 587 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. «Қолжетімді тұрғын үй – 2020» бағдарламасы аясында 492 отбасы жаңа пәтерге ие болды. Биыл жас отбасыларға арналған 60 пәтерлі екі үйдің, 32 «А» ықшамауданында Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі желісі бойынша «халықтың барлық санатына арналған» 120 пәтерлі тұрғын үйдің, үйдің кезегінде тұрғандарға 120 пәтерлі үш үйдің, «Аққу ықшамауданындағы екінші кезектегі үйлердің құрылысы  аяқталады. Сондай-ақ мемлекеттік бағдарлама бойынша салынатын «Аққу» ықшамауданындағы үшінші кезектегі үйлердің және 34 ықшамауданда 60 пәтерлі үйлерді салу жоспарланып отыр. Біз маңғыстаулықтардың бәрін түгелдей қолжетімді әрі сапалы тұрғын үймен қамтасыз етуге тиіспіз, – деді Маңғыстау облысының әкімі Алик Айдарбаев.

Елбасы жариялаған «Нұрлы жол» ЖЭС жүзеге аса бастағанда, қолжетімді баспанамен қамтамасыз етуге баса назар аударылатын болады. Мәселен, ҚТҚЖБ желісімен әлеуметтік тұрғын үй құрылысын дер кезінде бітіру үшін, 2015 жылы Ұлттық қордан қосымша 30 миллиард теңге бөлінбек.

- Еліміз үшін аса маңызды оқиға – Президент сайлауы қарсаңында Жаңа қоныс иелері жаңа өмірді бастамақ, - деді, ҚТҚЖБ Басқармасы төрағасының орынбасары Е.Қарашүкеев, – Біз қазіргі Президент жариялаған «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясатын  қолдаймыз. Оның басты бағыты – азаматтарды қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету. Биыл тек қана Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі желісімен салынып жатқан құрылыстардың уақтылы аяқталуы үшін  Үкімет Ұлттық қордан қосымша 30 миллиард теңге бөліп отыр. Жүздеген қазақстандық отбасының көптен күткен қоныс тойын тойлауы үшін, біз, әкімдіктермен бірге, қолымыздан келгеннің бәрін жасайтын боламыз, – деп түйіндеді Қарашүкеев. 

Биыл елімізде «Халықтың барлық санатына арналған тұрғын үй» бағытымен 301,7 мың шаршы метр үйдің құрылысын аяқтау жоспарланып отыр. Алайда, жергілікті атқару органдарымен жасалған келісім бойынша,  2015 жылы ауданы 400 мың шаршы метр болатын тұрғын үй пайдалануға берілмек. Бұл жоспардағыдан 100 мың шаршы метрге артық. Ал «Жас отбасыға арналған тұрғын үй» бағыты бойынша 191, 7 мың шаршы метр салынуға тиіс.

2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап «Қолжетімді тұрғын үй – 2020» бағдарламасы кешенді «2020 жылға дейін өңірлерді дамыту бағдарламасының» бір бөлігіне айналды. Жаңа құжат аймақтар мен ірі агломерацияларды кешенді түрде дамытуға мүмкіндік береді.

Естеріңізге сала кетсек, «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингінің» еншілес компаниясы болып табылады. Холдингтің мақсаты – экономиканың дамуына және әртараптандыруға ықпалдастық жасау, кластерлерді дамыту және  оның еншілес ұйымдарында корпоративті  басқару жүйесін жетілдіру.

 

Абай-ақпарат.

0 пікір