Жұма, 3 Мамыр 2024
Дода 7083 0 пікір 8 Сәуір, 2015 сағат 12:38

САЙЛАУ. АЙТҚЫШТАР НЕ ДЕЙДІ?

Рейган сайлауда қарсыласы Джимми Картер болғандықтан ғана жеңіске жете алды. Егер Рейган сайлауға бұндай қарсылассыз түссе, жеңіліске ұшырар еді.

Морт Сал

Дауыс беру – демократияның ең қасиетті құпиясы.

Теодар Хёсберг

 

Сіздер сайлауды жеңдіңіздер, ал мен дауыс санауды жеңдім.

Анастасио Сомоса

 

Сайлау бюллетені оқтан да күштірек.

А.Линкольн

 

Ең көп өтірік соғыс кезінде, аңнан кейін және сайлауға дейін ғана айтылады.

Отто фон Бисмарк

 

Демократия тәсіл деп бағаланады, оның көмегімен партия жетекшілері дауыс үшін күрестен кейін, бұйрық беру билігіне ие болады.

И.Шумпетер

 

Қалай дауыс бергені маңызды емес, қалай саналғаны маңызды.

И.Сталин

 

Дауыс бермейтіндерді дауыс беру құқығынан айырса, олар дауыс береміз деп қарсыласады.

Аркадий Давыдович

 

Сайлауда кім билікке жетсе де, билікке қаржы министрлігі келеді.

Гарольд Вильсон

 

Сайлау оған қатысушылардың көпшілігі жеңіске жететін бірден бір жалғыз дода.

Лоренс Питер

 

Сайлау кімнің сайлауалды болжамының дұрыс шығатынын білу үшін өткізіледі.

Роберт Орбен

Өз дауысымызды беріп, одан кейін дауысымыздан айырыламыз, бұл әбден қалыпты жағдай.

Ежи Лещинский

Сайлаудан кейін және үйленуден кейін біз өз қалағанымызды сирек алатын боламыз.

Уилл Роджерс

Жаман билік жақсы адамдардың дауыс бермеуінен сайланады.

Джордж Нейтан

 

Электорат – бір рет пайдаланылатын халық.

Акрам Муртазаев

 

Дауыс беру жолымен билеуші бола аласың, бірақ етікші болып сайлана алмайсың.

Кароль Бунш

 

Үкіметте дауыс беру көрсеткіші ұлғайған сайын оның тирандық әрекеті де күшейе түседі.

Чарлз Краутхаммер

 

Сайлау қандай да бір нәрсені өзгерте алар болса, оған тиым салынар еді.

Анархиялық ұран

 

Сайлау деген - өзіңе берген ықтияр.

А.Байтұрсынов

 

Депутат пен жезөкшенің айырмашылығы неде? Депутат табысты көп табады.

Эдуард Эбби

 

Бейкүнә және жуас адамды да парламентке жіберетін жағдай болады.

Фрэнк Хаббард

 

Бұл партия сіздерді он жыл бойы тонап келді, енді бізге де мүмкіндік беріңіздер

«5600 Jokes for All Occosinons

 

Дайындаған: Бекмырза СЫРЫМБЕТҰЛЫ

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 890
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 750
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 578
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 584