Сәрсенбі, 15 Мамыр 2024
Судың да сұрауы бар... 6613 0 пікір 7 Мамыр, 2015 сағат 10:16

ҚЫТАЙ БИЛІГІНЕ АЗАМАТТЫҚ ҮНДЕУ

Қытай халық Республикасының Мемлекеттік Кеңесінің Төрағасы,                                             Қытай халық Республикасының Коммунистік партиясының Орталық комитетінің

 Бас секретары СИ ЦЗИНЬПИН мырзаға

Шыңжан-Ұйғыр автономиялық өлкесінде

 қазақ халқының өкілдеріне жасалған шабуыл туралы хабарға байланысты азаматтық Үндеу

 

                                                        Құрметті Си Цзиньпин мырза!

 «Түрік Халықтарының Дүниежүзілік Ассамблеясы» – әлем түріктерінің халықаралық қоғамдық ұйымы қытайдың Шыңжан-Ұйғыр автономиялық өлкесінде түрік суперэтносының алдыңғы қатардағы бөлігінің бірі қазақ халқының өкілдеріне жақында жасалған шабуыл туралы хабарды есітіп, қайран қалуда. Қытайлар, өз жерінде әділ талабын алға тартқан қазақтардың, тіпті, әйелдеріне дейін соққыға жығып, жарақатты етіпті[1].

Бұл халықтың арасында үрей туғыза бастаған көрінеді. Аталған оқиғаға жер жүзінің қазақтары, жалпы түрік әлемі наразылық білдіруде. Және де бұл мемлекетаралық қатынастарға да кірбең салып, түрік әлемінің қайсысында болсын, әсіресе, Қазақстанда жүрген қытайлар мен жергілікті халықтың арасында ашу-араз тудыруы әбден мүмкін.

Ұлы түрік, ұлы қытай халықтары жаратылысынан мәңгі көрші. Біз мұны екі халыққа берілген теңдесі жоқ силық деп санаймыз. Мыңдаған жылдар бойы қоян-қолтық араласып, бір-біріміздің дамуымызға ықпал етіп келеміз. Біз қазақ, қырғыз, өзбек халықтары – жауларымыз 18-ші ғасырда жоңғар-қалмақтарды Еуропалық деңгейде қаруландырып, айдап салып, бәрімізді қан жоса етіп, тіпті халық ретінде жойылып кету қаупі төнгенде қытайдың соққысы басқыншылардың өзін жойып, есімізді жиюға жол ашқанын ұмытқан емеспіз.

Біз, басқарушы саяси күш – Қытай коммунистік партиясының саны аз халықтардың мүддесіне түсінушілікпен қарайтынына, кезінде олардың арасында жұмыс істеуге олардың мәдениетін, тілін меңгерген кадрларды ғана жіберетініне сүйсінетінбіз. Қытай елінің қазіргі жетістіктеріне қуана отырып, өзімізге үлгі еткіміз де келеді. Сондықтанда 1998 жылы Алматыда елеусіз қалған қытайдың жер жүзін аралауға шыққан мемлекеттік керуенін қонақ етіп, кездесу өткізіп, достық қатынас орнатқанбыз:

Қазірдің өзінде қазақтардың ата қоныс аймақтарында еркін өмір сүріп, мәдени даму үстінде екені бізді қуантады. Қытайда болған кезімізде қазақ тілінде бірнеше телеканал барлығы, қазақтардың таза қазақ тілінде сөйлейтіні, тілдің табиғи негізде даму үстінде екені, мысалы банктің кредитін “өспелі қарыз”, әлемдік рынокті “әлемдік базар” деп атауы, және т.с.с., ал, қытай халқы өкілдерінің бейбіт мінезді екені көңілімізден шыққан еді.

        Айтарымыз қытай халқының ұлылығы оның көптігінде, басқаларға басымдылығында емес, мәдениетінде болса керек. Негізгі байлық қай халықта болсын оның өркениеті. Ал, қытай халық республикасының мәдениет, өркениетіне түрік халықтарының тарихында өшпес із қалдырған, қазір Гансу провинциясында өмір сүріп жатқан байырғы ұйғыр, шыңжандағы жаңа ұйғыр, қырғыз, өзбек, тәжік, және де салар, дұңған сияқты басқа да халықтардың өзінің аз санынан әлдеқайда жоғары үлес қосып, құнды ете түсеріне күмән жоқ.                                                                                   Олардың өз мәдениетін сақтауына жағдай жасап, болашаққа жеткізу, дамыта түсу қытай халқының моральды міндеті болса керек. Өйткені ол ұзақ эволюция жолында жасалынып, жиналған адамзат өркениетінің қайталанбас өзіндік бір құрамы.

Сондықтан да, әсіресе, базар талабы бұл ұстанымды таптамағаны жөн. Сонда ғана қоғамда бәрі үйлесімді болып, тату-тәтті өмір сүреміз. Демек, қытай республикасының қоластында өмір сүріп жатқан түрік халықтарының да, оның ішінде қазақ халқының да мүддесі сақталуы тиіс, атап айтқанда сөз болып отырған дүрбелеңге себеп болған қазақтардың жері арқылы жол салу мәселесі жөнінде де.

Сөзіміздің соңында Қытай республикасының өкілетті органдары болған оқиғаны анықтап, талдап, жәбірленгендер қай-жағынан болсын қытайдың тең құқықты азаматтары екенін сезінетіндей шаралар қолданып, оларға тиісті төлемдер жасап, ал шабуылды ұйымдастырушылар мен оған қатысушыларды жауапқа тартып, мұндай оқиғаны болашақта қайталанбастай етер деген үмітпен,

академик Ерментай СҰЛТАНМҰРАТ,

"Түрік Халықтарының Дүниежүзілік  Ассамблеясы"

халықаралық қоғамдық                       

ұйымының Төрағасы                  

 


[1]Сурет Abai.kz ақпараттық порталының мұрағат қорынан алынды, http://abai.kz/post/view?id=481

P.S.Құрметті, редакция ұжымы, Сіздердің сайтта шыққан ақпаратқа сүйеніп (бүгін 06.05.2015 ж), ҚХР басшысына наразылық хат жолдадық ол елдің Қазақстандағы елшілігі арқылы. Және де ол хаттың Abai.kz ақпараттық порталында жарияланғаны орынды болар деп, сіздерге жіберіп отырмыз.

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2029
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2464
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2043
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1590