Жексенбі, 12 Мамыр 2024
Қоғам 6869 0 пікір 19 Мамыр, 2015 сағат 09:53

МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУ МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ МЕНСІНБЕЙДІ

ҚР Президенті Н.Назарбаевқа,

Нұр-Отан партиясы төрағасының орынбасары Б.Қ.Байбекке,

ҚР премьер-министірі К. Масимовқа,

Бас прокурор А.Дауылбаевқа,

Қаржы министірі Б.Т. Султановқа,

Мәжіліс депутаттары:

Р.Халмұрадовқа,

Н.Сабильяновқа,

О.Асанқызына,

Тәуелсіз БАҚ өкілдеріне,

Орыстілді биліктің пәрменімен қолданыстан шығып бара жатқан қазақ тілінің тағдырына алаңдап жүрген халыққа!

АШЫҚ ХАТ

 

Мен - Бейсенбайтегі Р.З. жобалау саласындағы жеке кәсіпкермін. Былтыр мемлекеттік сатып алу байқауына қатысам деп, мемлекеттік сатып алу проталынан мемлекеттік тілде ақпарат ала алмағандықтан ұзақ  «соғысып»,  Президенттен бастап бүкіл республикаға жария етем деген «шантаж» жасауымның арқасында ғана байқауға қатыса алдым. Ащы шындық шығар, маған айтылғандай, шыныменен мемлекеттік сатып алу байқауына баршасы орыс тілінде қатысатын шығар: құрысын, бастысы күнкөріс деп. Маған да күнкөріс керек. Бірақ, күллі қазақ күнкөріс деп ана тілімізді, мемлекет тілін шеттеткендіктен осындай қорлықта күн кешіп, күлкілі жағдайда отырмыз ғой!

Өткен аптада, мемлекеттік сатып алуға қатысайын деп, қазақ тілінде, сайттан 3 күн мәлімет іздеп таба алмадым. Қазақша парақшасы істемегендіктен улатып - шулатып (жәй, мемлекеттік сатып алуларда мемлекет тілі тұруы керек, және бірінші тұруы керек дегенге ешкім құлақ аспайды) оны істеткенімше, техникалық қолдау қызметінен (Астана қ. Телефон нөмірі: 72-90-90)  тек қана орыс тілінде мәжбүрлі түрде ақпарат алып отырдым.  Әлгі нөмірдің автоответчигі былай тұрсын, телефон тұтқасын көтеретін  операторына дейін міндетті түрде: «Здраствуйте, ... слушает, чем могу помочь?» деген сөзден жаңылмады. Қазақ тілінің иісі де аңқымайды! Қазақтілді операторға қос десең, тағы 15-20 минуттай тосуың керек. Өйткені айтуларынша, қазақтілді операторлар аз! Олардың регламенті бойынша, кешіріңіздер, «бісмілләсі» орысшадан басталуы керек!  Айтпақшы, орыс тілінде «Ваш звонок, очень важен для нас, время вашего ожидания 31 минута!» деген автоответчик сарынын, үстіне 7-10 минуттай қосылатын үстемемен  тыңдайсың! 10-шақты рет қоңыраулатқанымда, ең аз берген уақыты 15 минут болды. Әрине, ол да қосымша уықытпен. Мүмкін осылай біздің уақытымыздң есебінен (техникалық көмек көрсететін жұмыскерлерді көбейтпей) компания үнем жасап отырған болар...

Мемлекеттік сатып алулардағы техникалық көмек, білуімше, Қаржы министрлігімен келісім-шартта. Сонда, аталған министрлікке (естуімше, осыған жауапты Бахмутова ханым) қазақтілді микробизнесті (мында қандай бизнес екені мәнді де емес) тұқырту, оны конкурстарға қатыстырмау мақсат па? Болмаса, өз жұмсн білмейтін осындай масқара компаниямен келісімге отырған?  Былтыр да аталған министрлікке де, бас прокуратураға да осы жөнінде шағым айтып біршама уақыт қоңыраулатқам. «Нәтижесі» әлгіндей.

Ойымша, соны былтырдан бері түзетуге болар еді ғой! Былтыр, бас прокуратураның бизнесті қолдау жөніндегі структурасында қазақтілді адам отырған. Биыл, бас прокуратурада, функциясы елдегі заңдарды қадағалайтын құзырлы мекемеде, мына нөмірде: 30-18-23  Адильбеков деген біреу отырды. Оның сөзі тек: «Слушаю» болды. Оның «Слушаюна»  «мен қазақпын» деп едім: «Кто такая, представьтесь, т.с.» дегеннен басқа жауап естіген жоқпын. 71-25-85, 77-31-11, 71-26-20 – осы, бас прокуратураның мен қоңыраулатқан телефон нөмірлері. Осы нөмірлерден тілдескен адамдарымның бәрі менің сауалдарыма көрші мемлекеттің мем.тілінде жауап беріп отырды: «Слушаю вас», «Премная», т.с.с. Кейбірулері ғана: «Біз білмейміз ғой, кім қоңырау шалып тұрғанын, сондықтан орысша айтамыз» деп құтылды. Мемлекеттің Бас Прокуратурасы Конституциядан бастап, бақылайтын заңдарын білмейтін масқара мекемеге айналған ба, әлде,  РФ юридикциясына көшіп кеткен бе? Соғылған қоңырауға алдымен бір ауыз болса да қазақ тілінде: «Бас прокуратура» (мейлі, «тыңдап тұр» дегенді қоспай-ақ қойсын) деп неге айтпайды? Орыстілді адам болса, әрі қарай орысша жүргізеді ғой әңгімені.

Сөздің қысқасы, жоғарыда жүгініп отырған адамдарымнан, егер 14.05.15ж. жарияланып қойған конкурске қазақ тілінде сөйлейтіндігіме бола қағылсам, «Пайдасын жіберіп алғаным» үшін сотта куәгер болуларын сұраймын.  

Мында Конституциядан бастап, тілге қатысты заңдар 100 пайыз бұзылып отыр. Сонда деймін-ау, ғасырлар бойы (соңғы 300 жыл),  қазақ тілінің тұқыртылуына қарсы тұрған, әр  кездегі ел басында болған тұлғалардың  жұрнағы да жоқ па ел билігінде? Сіздерге орыс тіліне қарсы соғыс ашыңдар дейтін ешкім жоқ! Бірақ, мемлекеттік тілдің Конституцияға сай мәртебесін орнына қоюларыңызды талап етемін!

Жазғандарыма байланысты дәлелдеме скиндар, аудиожазбалар қолымда бар.

 

Құрметпен, Бейсенбайтегі Р.З.,

Павлодар қ., Тау-Кен ЖК

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1942
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2177
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1794
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1535