Жексенбі, 28 Сәуір 2024
Жаңалықтар 4462 0 пікір 28 Мамыр, 2015 сағат 19:30

Қазір Қазақстан көшбасшы мемлекет - Е.Сатановский

Посткеңестік елдер ішінде қазір Қазақстан экономикасы қарқынды дамыған, индустриялық-инновациялық бағыты айқын көшбасшы мемлекет болып табылады, дейді VIII Астана экономикалық форумына қатысқан Таяу Шығыс институтының президенті (Ресей) Евгений Сатановский. 

«Мен Астанаға келген сайын ерекше бір жоғары сезімде боламын. Бүгінгі Астана экономикалық форумы әлемдік ауқымды шара ретінде өте жоғары дәрежеде ұйымдастырылған. Ақиқатын айтар болсам, Нұрсұлтан Назарбаев сияқты Президенті бар ел шынымен бақытты. Неге дейсіз ғой, себебі, Нұрсұлтан Әбішұлы әуел бастан өзінің маңайына білікті кадрларды таңдай білді. Бір адамның қолынан көп нәрсе келмейді. Ал Назарбаев командасы «бір жағадан бас, бір жеңген қол» шығара отырып, Қазақстанның экономикасын реформалау мақсатында аса зор жетістіктерге қол жеткізді», дейді ол.

Сондай-ақ шетелдік сарапшы посткеңестік елдер ішінде қазір Қазақстан экономикасы қарқынды дамыған, индустриялық-инновациялық бағыты айқын көшбасшы мемлекет болып табылатынын атап өтті, деп жазады «Егемен Қазақстан» газеті. 

«Қазақстан басшылығында жұмыс істеп жатқан команда шын мәнінде Орталық Азия тіпті, ТМД кеңістігінде озық болып саналады. Қазақстанда қазірдің өзінде жүзеге асырылған реформалар ертеңгі күнге үлкен сенім тудырады. Бұл кешенді реформалар жүйесін Ресей енді ғана қолға алып жатыр. Қазақстан Президентінің жақында жариялаған 5 институционалдық реформа елдің қаншалықты жоғары даму сатысына көтерілгенін айқын көрсетеді. Президентті «экспорттай» алмайтынымыз өкінішті. Әйтпесе, Нұрсұлтан Әбішұлындай көшбасшы Ресейге де ауадай қажет», дейді институт басшысы.

Абай-ақпарат

0 пікір