Жұма, 3 Мамыр 2024
Жаңалықтар 5040 0 пікір 10 Маусым, 2015 сағат 12:20

ДІН ӨКІЛДЕРІНІҢ КЕЗЕКТІ ҚҰРЫЛТАЙЫ БАСТАЛДЫ

Бүгін Елордада «Бейбітшілік және келісім сарайында» Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен дін қайраткерлерінің кезекті құрылтайы өз жұмысын бастады.

Халықаралық басқосуға әлемнің дәстүрлі дін өкілдері, халықаралық ұйымдардың жетекшілері қатысуда. 10-11 маусым күндері өтетін жиында 4 секциялық тақырып бойынша баяндамалар жасалынбақ. Осымен бесінші рет өтіп жатқан съезде «Діни және саяси лидерлер: адамзат алдындағы жауапкершілік», «Діннің жастарға әсері: білім, ғылым, мәдениет және бұқаралық ақпарат құралдары», «Дін және саясат: жаңа ағымдар мен преспективалар», «Дін лидерлері арасындағы бейбітшілік, құрмет, қауіпсіздік» тақырыптары төңірегінде талқылаулар, пікірлер, ой-тұжырымдар айтылады.

Төртінші секция отырысы бойынша еліміздің Бас мүфтиі Ержан қажы Малғажыұлы баяндама жасайды.

Құрылтай соңында қатысушылардың арнайы Декларациясы қабылданады.

 

Ағабек ҚОНАРБАЙҰЛЫ,

ҚМДБ Баспасөз хатшысы

Астана 

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 874
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 733
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 567
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 576