Сенбі, 4 Мамыр 2024
Жаңалықтар 3691 0 пікір 17 Маусым, 2015 сағат 04:28

ШЕНДІЛЕРДІҢ ҚЫЗМЕТТІК КӨЛІГІНЕ 1 МЛРД-ТАН АСТАМ ШЫҒЫН ҚАРАСТЫРЫЛҒАН

 

 

Қазақстан Республикасында қызметтік автокөлікті сатып алуға бағытталған 1 млрд. теңгеден астам қаржылық шығыстар оңтайландырылады. ҚР Қаржы министрлігі Қаржылық бақылау комитеті жүргізген іс-шаралардың арқасында негізсіз шығындарға жол берілмеді, деп хабарлайды BNews.kz

Мемлекет басшысының бюджет қаражатын тиімді және дұрыс пайдаланылуды қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында ҚР Қаржы министрлігі ведомство құрамына кіретін комитеттердің құзыретті қызметкерлерінің арасында арнайы жұмыс тобын құрған. Олар тексеру барысында елдің өңірлерінде бір санаттағы автомобильді сатып алуға бөлінетін бюджет қаражатындағы айырмашылық 40%-ға дейін жететінін анықтаған. Яғни бір санаттағы сол бір автомобильдің құны бір өңірде басқа өңірлерге қарағанда біршама жоғары болған. ҚР бойынша бағаны асырып көрсету айырмашылығы 1 млрд. теңгені құраған.
Ведомствоның мәліметінше, автокөлікті сатып алу үшін бюджет қаражатын қарастырылған қаржы көлемін асырып көрсету жағынан алғашқы үштікке Жамбыл (146 956,1 мың теңге), Шығыс Қазақстан (90 630,9 мың теңге) және Ақмола (78 863,6 мың теңге) облыстары еніп отыр.

ҚР ҚМ ҚБК-нің сарапшылары бюджет қаражатының әркелкі және сапасыз жоспарлануы мемлекеттік бюджет қаражатын үнемдеуде негізсіз шығындарға жол берер еді деп отыр. Комиссияның жұмысы нәтижесінде көлік құралдарына бөлінген жоспарлы қаржыландырудың шығындары 1 305, 8 млн теңгеге қысқарды. Осының негізінде үнемделген қаржыны басқа да әлеуметтік маңызы бар мақсаттарға жұмсауға мүмкіндік туды. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғастырылатын болады, дейді құзырлы мекемедегілер. 

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1027
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 897
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 677
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 756