Жұма, 3 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2910 0 пікір 24 Қыркүйек, 2010 сағат 09:48

АҚШ дипломатиялық миссиясы Қырғызстанның оңтүстігіндегі халыққа құқықтық қолдау көрсетеді

Бішкек. 24 қыркүйек. ҚазТАГ - Игорь Шестаков. АҚШ елшілігі халыққа құқықтық көмек көрсету және елдің оңтүстігіндегі дау-дамайдан кейінгі жағдайды жеңілдету жөніндегі екі жобаны жүзеге асыру үшін $150 мың бөлді, деп мәлім етті елші Татиана Гфэллер.

«АҚШ Қырғызстанға республикада демократия орнатуда ары қарай қолдау көрсетуге дайын екендігін жеткізді. Біз тек сайлау өткізу, парламенттің қызметі туралы ғана айтып отырған жоқпыз. Бұл жеткіліксіз, халыққа азаматтық құқықты қорғау саласында және толеранттылық процесстерін нығайтуда қолдау көрсеткен маңызды», - деді АҚШ дипмиссиясының жетекшісі жұма күні брифингте.

Өз кезегінде жобалардың үйлестірушісі Азамат Керімбаевтың түсіндіруінше, заңгерлер Ош және Жалал-абад облыстарының тұрғындарына тегін құқықтық көмек көрсетеді.

«Біз маусым айындағы тәртіпсіздіктер барысында зардап шеккендерге меншік құқығын және жеке куәліктерді қалпына келтіруге көмектесеміз», - деп атап өтті А. Керімбаев.

Оның хабарлауынша, республиканың 5 аймағындағы 35 мектеп пен 4 медреседе толеранттылықтың дамуына байланысты оқу бағдарламалары оқытылып, арнайы оқу құралдары жасалады.

«Маусым айындағы тәртіпсіздіктерге көптеген жастар қатысты, сондықтан біздің жоба республиканың оңтүстігі мен солтүстігіндегі жастардың арасында ұлтаралық келісімді нығайтуға бағытталады», - деді А. Керімбаев.

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 951
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 804
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 624
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 664