Жұма, 3 Мамыр 2024
Жаңалықтар 3111 0 пікір 24 Қыркүйек, 2010 сағат 09:25

27 қыркүйекте Қазақстанда балаларға арналған «Балапан» арнасы хабар тарата бастайды

Астана. 24 қыркүйек. ҚазТАГ - Әрсен Бектасов. 27 қыркүйекте Қазақстанның кабельдік желілерінде «Балапан» атты балаларға арналған бірінші отандық арна хабар тарата бастайды, деп хабарлады байланыс және ақпарат министрі Асқар Жұмағалиев.

«Арнада қазақстандық контент болады және бір бөлігі аударылады. Мен шын мәнінде пайдалы болып табылатын жақсы мультфильмдерді неге аудармасқа деп ойлаймын», - деді А. Жұмағалиев жұма күні «Балапан» арнасының тұсаукесерінде.

Жаңа арна «Қазақстан» РТРК базасында ұйымдастырылды. Хабар таратусағат 10 -нан 22-гедейін мемлекеттік тілде жүргізіледі. Секател және АЛМА-ТВ кабельдік операторлармен келісім жасалды.

Телеарнаны ашудағы негізгі мақсат – жас қазақстандықтардың бойында мейірімділік, жауапкершілік сезімдерін тәрбиелеу және жоғары адамгершілік мәдениетін дамыту.

Байланыс министрінің сөздеріне қарағанда, жыл соңына дейін «Балапан» телеарнасы  спутниктік хабар тарату желісіне қосылады, бұл ауыл тұрғындарына телеарнаны тегін тамашалауға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, А. Жұмағалиев 2011 жылдың I-II тоқсанында «Мәдениет» телеарнасын және 2012 жылдың қыркүйек айында «Білім арнасын» ашу жоспарланғанын хабарлады.

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 770
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 580
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 478
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 490