Сәрсенбі, 15 Мамыр 2024
Жаңалықтар 3844 0 пікір 25 Желтоқсан, 2016 сағат 13:21

Ауылшаруашылығы өнімдерін сақтайтын қоймалар салынбақ

Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» Жолдауындағы міндеттердің жүзеге асуы Оңтүстік Қазақстан облысында нақты көрініс тауып жатыр.  Атап айтсақ,  ОҚО-да  бірнеше ірі жобалар іске асып келеді деп хабарлайды Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының баспасөз қызметі. Баспасөз қызметі таратқан мәліметтерге сүйенсек, биыл  былтырғы жылмен салыстырғанда экономикадағы жалпы өнім көлемі 1,2 пайызға артып, жылдың тоғыз айында 523,4 млрд  теңгенің өнеркәсіп өнімі шығарылыпты.

Ауылшаруашылығы саласында да елеулі өсім байқалып, агрокәсіпорындар кешенімен 300 млрд. теңгенің өнімі өндірілген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 101,9 пайызға сәйкес келеді.   Оңтүстік Қазақстан облысының экономикасын дамытудың негізгі басымдықтарының бірі – ауылшаруашылығы саласы болып табылады. Осы бағытта агроөнеркәсіп кешенінде жаңа технологиялар мен инновацияларды ендіруге айрықша назар аударылып отыр. «Өзіміз өндіретін ауылшаруашылығы өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында бақша, көкөніс, жеміс-жидек сақтайтын заманауи қоймалар салуымыз қажет. Осы мақсатта Шымкентте ірі сауда-логистикалық орталығын салу жоспарлануда»,- дейді аулышаруашылығына жауапты өңірдегі мамандар.  ОҚО-дағы  сауда-логистикалық орталығының жалпы көлемі 90 га. асады. Кешенде халықаралық стандарттарға сәйкес «А» және «Б» сыныпты ауылшаруашылығы өнімдерін сақтайтын заманауи қоймалар салынбақ. Мұндай қоймалар алдағы уақытта Сарыағаш және Мақтарал аудандарында, Түркістан қаласында салынады деп жоспарлануда.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2047
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2478
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2063
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1598