Сейсенбі, 30 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3865 0 пікір 25 Желтоқсан, 2016 сағат 13:54

ОҚО-ның омарташылары 100 тонна бал өндірді

Оңтүстік Қазақстан облысындағы 1200 омарташы жылына 100 тонна бал өндіреді, деп хабарлайды  Abai.kz ақпараттық порталы ОҚО әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Оңтүстік Қазақстан облысында бал ара шаруашылығын дамыту мақсатында бірқатар жұмыстар атқарылып, оны селекциялық асылдандыру жұмыстарын жүргізгені үшін омарташылар омарталардың әрбір ұяшығына мемлекет тарапынан 3190 теңге көлемінде қолдау қаржы алып отыр.  

Оңтүстіктің омарташыларына қолдау көрсетіп отырған мекеменің бірі «Ырыс» микроқаржы ұйымы. Аталған ұйымнан қолдау алған шаруашылықтың бірі «ЭкоМёд» ЖШС. Серіктестік ара шаруашылығын дамыту үшін қаржы ұйымынан төмендетілген жылдық мөлшерлеме негізінде 5 млн. теңге несие алып, оған 480 дана ара ұяшығын сатып алған. Олар әр ұяшықтан шамамен 25-30 кг., бал арасының  өнімін алады. Биыл шаруашылыққа Австрия мен Украина елдерінен асыл тұқымды карпаттық бал аралары әкелінді. Араның бұл түрлері балды жақсы жинайды әрі ауа-райына жылдам бейімделеді. Балдың аққурай және таулы түрлерін өндіретін шаруашылық өндірілген өнімдерін Қазақстанның солтүстік және орталық областарына және көрші Ресей еліне экспорттаған.

Сондай-ақ, облыста бал ара шаруашылықтарын ғылыми тұрғыдан сүйемелдеумен айналысатын «Оңтүстік-Батыс мал және өсімдік шаруашылығы ғылыми зерттеу институты» ЖШС-де бал ара шаруашылығы секторы жұмыс жасайды. Ал бал аралар аналығын қолдан ұрықтандырумен ЖК «Демидов» айналысып келеді.

Абай-ақпарат

 

 

0 пікір