Сейсенбі, 30 Сәуір 2024
Жаңалықтар 4248 0 пікір 25 Желтоқсан, 2016 сағат 16:24

Орыс қалаларында Отарар ауданының дихандары өндірген өнімдер сатылып жатыр

Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ Отырар ауданыныӊ дихандары биылғы жылы өз өнімдерін Ресейдіӊ Мәскеу, Санкт-Петербург қалаларына шығарды, деп хабарлайды Абай-ақпарат аудан әкімдігіне сілтеме жасай отырып. 

 

Әкімдіктіӊ ақпаратына сәйкес, Отырар ауданыныӊ әкімі Ерлан Айтаханов Маяқұм, Балтакөл ауыл округтеріндегі "Отырар-Сүт-Ет" селолық тұтыну кооперативі мен "Отырар Агро өнімдері" жауапкершілігі шектеулі серіктестігініӊ жұмысымен танысып шыққан.

Қазіргі таӊда кооператив құрамына жергілікті "Серікбай-Б", "Мейірбек ЛТД", "Үсенов-Н" жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер кіреді.

Кооператив биыл 190 гектар алқапқа "Жиенбай" сортты қауын, 130 гектарына жоӊышқа, 100 гектарына жүгері дақылдарын еккен.

Тыӊ технологияларды пайдалану арқылы мол өнімге қол жеткізген шаруашылықтыӊ өнімдеріне биыл сұраныс та жоғары болғанға ұқсайды. Өткен күзде Отырар ауданына Ресейдіӊ Мәскеу, Санкт-Петербург қалаларынан келген кәсіпкерлер жергілікті өнімдері өздері тасымалдап әкеткен. 

Ал, Балтакөлдегі диқандары ғылымға негізделген, соӊғы озық технологияларды пайдаланып, 104 гектар алқапқа тамшылатып суару әдісімен пияз еккен болатын. Аудан әкімі Ерлан Айтахановтың сөзіне қарағанда, диқандар әр гектарынан 60 тоннадан өнім алған. Бұл өнімдер келісім-шарт бойынша "Отырар қойма" ЖШС-ніӊ қоймасында сақталуда.

Абай-ақпарат  

0 пікір