Жұма, 3 Мамыр 2024
46 - сөз 15453 0 пікір 26 Желтоқсан, 2016 сағат 09:30

Шыңғыс хан адамзат тарихындағы ұлы тұлға

Кешеден бері Шыңғыс қағанды бірі даттап, бірі мақтап, аяғында жағаласып жатқан бірнеше азаматтарды көріп отырмыз.

Шыңғыс хан кім қалай десе де адамзат тарихындағы ұлы тұлға. Əрине қатігездігі бар, қаншама жанды қырғындатты. Өркениетті ойрандауы да мүмкін. Бірақ, адамзат тарихында мейірімді жаһангер жоқ. Алайда Сыр бойындағы қалаларда сол заманда сарттар отырғаны анық. Ал Шыңғыстың көшпенділердің басын қосқаны тағы рас. Ол жолда талай құрбан кесілді. Олардың арасында Керей ханы Тұғырыл мен бала кездегі досы Жамұқа да бар. 

Бірақ, тарихқа өкпе жүрмейді. Шыңғыс хан мен үшін қазақ (Орда Ежен ұрпағы), Өзбек (Шайбан ұрпағы) жəне басқа да түркі тілдес халықтардың пайда болуына негіз болған тұлға. Ал, түрік халықтарының бөлшектенуіне Ұлы Қағанның ешбір қатысы жоқ. Керісінше Алтын Ордадан сескенген сыртқы күштердің үлесі көп. Сол пиғыл əлі əлсіреген жоқ. Кейде көзі ашық азаматтардың өзі сондай пиғылдағылардың отын көсеп кететіні бар. Мен Шыңғыс хан турасында Зардыхан ағамыздың еңбектеріне тоқталамын.

Досым Зікірия

Facebook-тегі парақшасынан

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 846
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 696
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 545
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 552