Жұма, 3 Мамыр 2024
Жаңалықтар 4356 0 пікір 27 Желтоқсан, 2016 сағат 10:41

Жеңiлдетiлген несиеге кез келген шаруа қол жеткiзе алады

ОҚО-да жеңiлдетiлген несиеге кез келген шаруа қол жеткiзе алады, - деп хабарлайды Абай-ақпарат.

«Максимум» АИО және «Ырыс» МҚҰ 2016 жылдың қыркүйек айынан бастап 2017 жылғы көктемгi егiн егу жұмыстарына несие алушылардың құжаттарын қабылдауды бастаған болатын. Мақсат – диқандардың қаржыны дер кезiнде алып, орынды әрi тиiмдi пайдалануларын қамтамасыз ету.

Құжаттар ешқандай комиссиялық шығындарсыз, мүмкiндiгiнше ең қысқа мерзiмде қаралады. Мақұлданса, келер жылы ақша бөлiнiсiмен құжаты дайын азаматтарға бiрден таратылу жоспарлануда.

Қаржыландырудың басты шарттары:

Негiзгi қарызды және несие бойынша пайыздарды өтеу – мерзiм соңында;

Несиенi мерзiмiнен бұрын қайтару – мерзiмiнен бұрын толық немесе iшiнара қайтарылған несие үшiн айыппұл есептелмейдi. Егiн егу-жинау жұмыстарына бөлiнетiн қаражат жеке тұлғалар, шаруа қожалықтары, жеке кәсiпкерлер және заңды тұлғаларға басым бағытқа ие барлық дақыл түрлерi үшiн берiледi. Несиенiң жылдық пайыздық мөлшерлемесi 9 пайызды құрайды.

Қаржыландыру 2 түрде жүзеге асырылады: 2 транштық несие желiсi; бiр мезеттiк несие;

Кепiлдiкке жер телiмiн немесе басқа қосымша кепiл затын ұсынуға болады.

Қазiргi таңда қаржы орталығы тарапынан 2017 жылғы дала жұмыстарын қаржыландыру бойынша бiрқатар iс-шаралар жүзеге асырылуда. Атап айтсақ, қаржыландыруды жедел жүзеге асыру үшiн ОҚО аудандарында суб-офистер құрылды. Сондай-ақ, көктемгi егiс жұмыстарын қаржыландыру ең басым бағыт ретiнде қаралып, аталмыш бағыт бойынша келiп түсетiн өтiнiмдердi қарастыру мерзiмi мүмкiндiгiнше қысқартылды. Облыс тұрғындарына және шаруаларға қаржыландыру шарттарын түсiндiру бойынша бiрқатар iс-шаралар ұйымдастырылуда. 

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 862
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 723
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 555
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 560