Жұма, 3 Мамыр 2024
Жаңалықтар 5194 0 пікір 27 Желтоқсан, 2016 сағат 11:09

Шымкентте 4 мыңнан астам ауылшаруашылығы кәсіпорындары бар

Оңтүстік Қазақстан облысы шаруалары 2016 жылды қорытындылап, жыл басынан бергі төккен тер мен егілген еңбектің жемісін нәтижелеуде.  Жыл бойына өндірілген өнімдердің жиынтық қорытындысын жасаған шаруалардың желтоқсан айындағы деректеріне сүйенсек, бір ғана Шымкент қаласында 97,9 млрд. теңгенің өнімі өндіріліпті. Бұл туралы «Абай ақпарат» порталы хабарлайды.

Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Г.Құрманбекова мәліметтеріне назар аударсақ, Шымкенттік ауыл шаруашылық өнімдерінің жалпы сомасы 5 миллион теңгеге жуықтаған.

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Құрманбекованың  айтуынша, осы жылдың желтоқсан айындағы статистикалық мәлімет бойынша қала халқының саны 893,8 мың адамды құрап, 4,2 пайызға артқан.

Ал өнеркәсіп кәсіпорындарымен 97,9 млрд. теңгенің өнімі өндірілген. Оның ішінде ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 4 872,8 млн.теңгені құрап, 1,4 пайызға өсіп отыр. Сондай-ақ, іске қосылған тұрғын үйдің жалпы алаңы 135,6 мың шаршы метр. Бұл өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 5,2 пайызға өсіп отыр.

Шымкент қалалық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімінің жылдық қорытындысына назар аударсақ, Қазіргі таңда Шымкент қаласы бойынша 4 152 ауыл шаруашылығы кәсіпорындары қызмет етуде. Оның ішінде: 3 908 шаруа қожалықтар болса, қалған 244 ЖШС және ӨК болпы табылады. Сонымен қатар қаланың ауыл шаруашылығы жер қоры барлығы 62 219 га ауыл шаруашылығы мақсатында пайдаланылатын жерлер, Оның ішінде егістік жерлердің жалпы көлемі 39 417 га құрап, оның 30 500 га жерге егіс егілген.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 846
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 696
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 545
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 552