Жұма, 3 Мамыр 2024
Жаңалықтар 3090 0 пікір 20 Қаңтар, 2017 сағат 12:29

Путинге арнап Мәскеуде ерекше клиника салынып жатыр

Ресей президенті мен оның айналасындағылар үшін Мәскеуде эксклюзивті клиника салынып жатыр. Бұл туралы Reuters агенттігі хабарлады.

Клиника Орталық клиникалық аурухана аумағындағы үш қабатты корпуста орналасады. Жаңа аурухана бар болғаны 10 пациентке арналған. Мұнда президент, премьер-министр және оларға ең жақын бірнеше адам пайдаланатын байланыс жүйесі орнатылады. Жоба құны - 3 миллиард рубль.

Президент істері басқармасы клиника салынып жатқанын Reuters агенттігіне растады. Ресми мәлімет бойынша, аурухана Путиннің айналасындағыларға ғана емес, бірнеше жүз мемлекеттік қызметкерге арналған.

Владимир Путин өткен жылы Жалпыресейлік халық форумында Орталық клиникалық ауруханада ем қабылдайтынын, бірақ ондағы дәрігерлер медициналық қызметтің қазіргі заман талабына сай емес деп есептейтінін мойындаған еді.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 628
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 377
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 368
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 374