Сенбі, 11 Мамыр 2024
Деп жатыр 4423 0 пікір 25 Қаңтар, 2017 сағат 17:31

ҚЫДЫРӘЛІ КІМДІ АЛДАП ЖҮР?

Продюсер Қыдырәлі Болманов осыған дейін Мәскеуде диссертациялық жұмыс қорғағандығы және Ресей ғылым академиясының профессоры атанғандығы туралы жариялаған еді. Алайда, Ресей Федерациясының ғылым министрлігі немесе Ресей ғылым академиясындағылар Қыдырәлі Болманов туралы білмеген.


Продюсердің өзі БАҚ өкілдеріне  "Мен Мәскеуде диссертация қорғадым. Бүгін мен Ресей Ғылым академиясының профессоры атандым", - деп жариялаған болатын. Мұндай ақпарат Болмановтың Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында да жарияланған болатын.

РФ Білім және ғылым министрлігінің өкілі 365info.kz журналистіне берген ресми емес мәліметінде Ресейде "Этнопедагогика" бойынша ғылыми жұмыстар қорғалмайтынын айтқан. Себебі Ғылыми қызметкерлер мамандықтарының номенклатурасына кірмейді. Ал Ресей Федерациясы Ғылым академиясының өкілі профессорлар тізімінен Болмановтың есімін таппады.

 "Жаратылыстану ғылымдары қатарына кіретін психология бойынша ғылыми жұмыс қорғағандар қатарында Болмановтың есімі жоқ. Бахтизин деген адам бар, бірақ Болмановтың есімі тізімде көрсетілмеген", - дейді Ғылым академиясының өкілі. ҚР Білім және ғылым вице-министрі Асланбек Әмриннің айтуынша, осы уақытқа дейін ҚР Білім және ғылым министрлігіне, ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау жөніндегі комитетке Қыдырәлі Болмановтың шетелдік дипломының ғылыми дәрежесін растау туралы құжаттар келіп түспеген. Продюсерге философия ғылымдары докторы деген қазақстандық диплом да берілмеген екен.

 

Cайтқа әзірлеген: Нұрсұлу Найманова

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1923
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2056
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1714
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1522