Сенбі, 4 Мамыр 2024
6272 0 пікір 8 Ақпан, 2017 сағат 10:31

ӘЗІМБАЙ ҒАЛИ. МОЙЫМА, ҚАЗАҚ!

Еліміз демократиялану жолына түсіп, құқықтық-саяси реформаға бет алды. Қазағым мойыма, біздің алдымызда либералды, әділетті болашақ күтіп тұр. Бірақ сол әділетті қоғам үшін әлі де белсенді күресу керек.

Алдымен скептик (рассматривающий, исследующий) болмау керек. Президентіміздің елді демократиялық жаңғырту ұсынытарына үлес қосайық. Бәріміз бір жағадан бас шығарып, қазақты бұл шешуші бетбұрысқа ынталандыруымыз керек.

Басты тауқыметіміз – мемлекеттік тілдің бәсең статусы. Қазақ тілінің мәз емес жағдайы бізге белсенділік көрсетуге мотивация бола алады. Ал бүгінгі күніміз мәз емес екені бесенеден белгілі. Мен өз елімде жүріп, соңғы бір жылдың ішінде бірнеше рет тілдік дискриминацияны, шеттетуді көрдім.  Яғни, өз елімде жүріп мемлекеттік тілді елемейтіндердің кесірінен Конституцияда жазылған құқықтарым  тапталып жатыр. Менің адам ретінде  құқығым бірнеше мәрте аяқтың астына тапталды.

Бірде Ақсай-4-тегі «Сулпак» дүкенінен планшет алмақ болдым.  Қазақша сұрап едім, сатушы қыз маған зекіп: «Говорите по-русски» дегені. «Маған қазақша түсіндіріп берсеңіз» деп едім “Вы требуете разъяснения по-казахски, войны захотели?» дегені. Мен сол тұста салғыласқым келмеді, бірақ орыс қызы қай соғыс туралы айтты екен деп аң-таң болып кеттім.

Айтпақшы, планшетті сатып алдым, бірақ басқа дүкеннен. Осылайша, «Сулпак» бір клиенттен қағылды.

Екінші жағдай кітапханада болды. Ұлттық кітапханада (Алматы, Абылай хан көшесінің Абай көшесімен қиылысқан тұсы) қазақша сөйлеген студент қызға қызмет көрсетілмеді: «Выучишь русский язык – приходи обслужу» деді мосқал орыс әйелі. «Может быть вам показать выступление Президента, где он ясно разъяснил таким как вы, что нужно узучать русский язык» деп аузымызды жапты.

Үшінші жағдай автобуста орын алды. Планшетімді автобуста ұрлатып алдым. Мен із суытпай Алматы қаласы Әуезов ауданы ІІБ телефон соққанда орыс тілді полиция қызметкері қазақша арыз  қабылдаудан бас тартты. Отыз-қырық минуттай арпалысқаннан кейін қазақша білетін бір қызметкер табылды. Бұл кезде қылмыскердің ізі суып, ұрлықшыны дереу ұстау мүмкіндігінен айрылып қалған едік.  

Төртінші оқиға Алматы қаласындағы оныншы емханада болды. Дәрігердің қабылдауында болдым. Сәл жөтеліп жүрген едім, сол жөтелді дәрігерге  орысшалап  сипаттай алмай қазақшалап айтып едім, дәрігер келіншек шала бүлініп, маған: «Вы что издеваетесь? Вы же хорошо говорите по-русски, как вам не стыдно!» деді. Мен шошып кеттім, ашуланған дәрігердің маған жазып берген дәрісін ішуге қорықтым. Балықтың майын ішіп, жөтелді жеңдім.

Бесіншіден, қазақша білмейтін Алматы қаласы Әуезов аудандық сотының судьясының қазақша іске шешім шығарғанына куә болдым. Қазақша білмейтін судья қылмыстық істің тілі  мемлекеттік тілде болғандықтан іспен толық таныса алмаған. Нәтижесінде бұрыс шешім қабылданды. Жәбірленуші тағы да зәбір көрді.

Мен өз егемен елімнің 25 жылда жеткен жетістіктерін жоққа шығарғым келмейді. Жетістіктер жоқ емес, бар. Бірақ кім "үш тұғырлы тіл" оқу жүйесіне  еңгізуді  ұсынды? Кім сарапшы ретінде "үш тұғырлы тіл" идеясын құптады? Қазақ мектебін орыстандыруға кім жауапты? Осының бәрінен есеп алатын күн жақын! Мойыма, қазақ, мойыма!

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 994
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 860
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 651
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 726