Сейсенбі, 30 Сәуір 2024
Деп жатыр 4149 0 пікір 20 Ақпан, 2017 сағат 16:08

БЕЛАРУСЬ ХАЛҚЫ ЕРЕУІЛГЕ ШЫҚТЫ!

Белорусияда демократиялық күштер қалалық биліктің қарсылығына қарамастан, Гомелде билікке қарсы ереуілге шықты.

Алаңға жиналған халық “жалқаулық туралы декретті” айыптап, “Кет”, “Лукашенок мен Ермошинге отставка” деп ұрандатқан. Акция Восстания алаңында өтті.

“Адамдарды мұндай декретпен құртады олар. Мұндай тіпті Зимбабведе жоқ. Гомелде мүлде жұмыс жоқ десе болады. Аула сыпырушы деген жалғыз орынға бүкіл қала үміткер”, – деп айқай салды адамдар.

Адамдар қолдарына ақ-қызыл-ақ түсті жалаушалар көтерген. Құқық қорғаушы Леонид Судаленконың айтуынша, мұндай жаппай акция Гомелде 2000 жылдан бері алғаш рет өтіп тұр. Ленин алаңының трибунасына саяси көшбасшылар мен қарапайым адамдар шығып жатты. Билік өкілдері мен құқық қорғаушылардың ешқайсысы митингіге кедергі келтірмеді. Акцияға тіпті зейнеткерлер де қатысып, жастарға қолдау білдірген.

 

Нұрсұлу Найманова

Abai.kz

0 пікір