Жұма, 3 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2820 0 пікір 21 Ақпан, 2017 сағат 16:52

Владимир Путиннің дәулеті елге жария болды

БАҚ Ресей президенті Владимир Путиннің 199 млрд доллары, 58 ұшағы мен тікұшағы барын жарыса жазуда.

Жақында сарапшылар Владимир Путиннің мүлкін есептеп, оның 199 млрд доллар қаражатпен әлемдегі ең бай адам атана алатындығын алға тартқан. Президент атындағы Черномор сарайы мен суперяхтаның өзі £ 800 млн тұрады. Ал Роман Абрамович сыйлаған яхтаның құны £ 28 млн-ға барады.

Осылайша Microsoft негізін қалаған Билл Гейтстен үш есе бай болуы мүмкін Ресей президенті ресейлік қордың менеджері Билл Браудердің CNN арнасына берген сұхбатына сәйкес, 2015 жылы $ 200 млрд байлыққа ие болған.

“Ол Ресей билігіндегі 14 жыл ішінде мектепке, көшелер мен емханалар құрылысына кетуі тиіс қаражатты швейцариялық банктегі өз шотына аударып отырды”, – деп сендірді Билл.

Путиннің саяси қарсыласы таратқан мәліметтерге сәйкес, Путиннің 58 ұшақтан бөлек $ 500 000 тұратын сағат коллекциясы мен 20 сарайы бар.

Алайда Путин тек президенттік жалақыдан түскен табысы мен екі пәтері барын алға тартып, бұл ақпараттарды жоққа шығаруда.

Абай ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 973
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 837
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 639
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 703