Жұма, 3 Мамыр 2024
Асқанға - тосқан 4955 0 пікір 22 Ақпан, 2017 сағат 12:31

САҒАДИЕВ: «ҚАШЫП КЕЛЕМ, ҚАШЫП КЕЛЕМ...»

Ғабит Мүсіреповтың әйгілі «Қазақ солдаты» романы «Зытып келем, зытып келем, артыма қарай-қарай зытам» деп басталатын еді ғой. Баспасөз өкілдерінен қашып бара жатқан БжҒМ министрі Ерлан Сағадиевтің мына кейіпі біздің есімізге Ғабеңнің сол «зытып келемін» түсірді. Төмендегі бейнеүзікте министр: «Қашып келем, қашып келем, журналистерге қарай-қарай қашамын» деп бара жатқан сияқты. Бұл – шамасы Мәжілістегі «Үкімет сағатынан» кейінгі көрініс болса керек. 20 ақпан күні Мәжілістегі «Үкімет сағатында» депутаттар Ерлан Сағадиев басқаратын ведмоствоның қызметін сынға алған болатын. Оны айтасыз, мектеп оқулықтарындағы қатеге қатты ашуланған Бекболат Тілеухан тіпті Білім министрімен шекісіп те қалған. Кезек жауаптасып, қатты шарпысқан депутат пен министр ақыр соңында ортақ пікірге келе алмаған-ды. Содан соң депутат Бекболат Тілеухан министр Ерлан Сағадиевке:

-2-ші сыныптың баласына 7-ші сыныптың баласының деңгейіндегіні жазып беру – бұл рухани диверсия, ұрпақты қолмен өлтіру. Осыны әдейі істей ме, әлде, ақымақ па осыны ісеген адамдар? Ереке, бұған жауап беріңіз. Ал егер қазір жауап бере алмасаңыз, баспасөз бетінде  мен сізді жекпе-жекке шақырамын, - деген болатын.

Көріп отырсыздар, министр баспасөз бетінде депутатпен жекпе-жекке шығу былай тұрсын, журналистер қойған қатардағы сауалдардың өзінен жалтарып, жауапсыз қалдырды. Неге? Ол тым асығыс па, әлде, БАҚ өкілдерінің сауалына берер жауабы жоқ па?

Бізде бәрі «Елбасының тапсырмасымен» басталады ғой. Ал, Елбасы лауазым иелеріне үнемі: «Халыққа түсінікті тілде сөйлеңдер, көптің көкейіндегі сауалдарға жауап беріп, мәселенің мән-жайын түсіндіріп беруден бас тартпаңдар» деумен келеді.     

 

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 824
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 658
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 524
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 536