Жұма, 3 Мамыр 2024
Жаңалықтар 3721 0 пікір 7 Наурыз, 2017 сағат 14:57

БжҒМ Түркия елшісінің мәлімдемесін жоққа шығарды

ҚР Білім және ғылым министрлігі «Білім-инновация лицейлерінің» толықтай қазақстандық білім беру мекемелері екендігі туралы, сондай-ақ олардың өз қызметін қалыптасқан жағдайда жалғастыратыны туралы ресми мәлімдеді. Бұл туралы «Қасым» порталы  ҚР БҒМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Түрік Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Невзат Уяныктың 2 наурыз күні қазақ-түрік лицейлерінің (ҚТЛ) Түркияның білім министрлігі басқаруына өтетіндігі туралы айтқан болатын. ҚР Білім және ғылым министрлігі мұндай шараның болу ықтималдығын ресми түрде жоққа шығарды. ҚТЛ «Білім-инновация лицейлері» болып қайта құрылып, қазақстандық білім беру стандарттары бойынша жұмыс істейді.

ҚР Білім және ғылым министрлігі мен ҚР Сыртқы істер министрлігі осы мәселе бойынша бірігіп мәлімдеме жасайды. Оған дейін ҚР Білім және ғылым министрлігі қазақстандықтарды Түркия елшісінің жасаған мәлімдемесі бойынша алаңдамауларын сұрайды. «Білім-инновация лицейлері» жұмысының әдеттегі тәртібі өзгеріссіз қалады.

«Білім-инновация лицейлері» – жұртшылық арасында жоғары бедел мен құрметке ие болып отырған білім беру мекемесі. Қазақ-түрік лицейлерінің бәрі 2016 жылы «Білім-инновация лицейлері» болып қайта құрылған.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 758
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 575
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 471
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 481