Сәрсенбі, 15 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2820 0 пікір 3 Желтоқсан, 2016 сағат 15:30

25 жылдың жетістігі

Бір қуанарлық жайт, елімізде ауыл шаруашылығы саласы біртіндеп жолға қойылып келеді. Бір кездері жерлеріміз керексіз болып, өз өзінен тоза бастаса, қазір жерді тиімді игеретін шаруалар да көбеюде. Бұл өз кезегінде ауылшаруашылығы саласының өркендеуіне жол ашып отыр. Ең бастысы Тәуелсіздік алған 25 жыл ішінде саладағы өзгерістің жақсы жаққа өзгеруі ел мерейі болып отыр.

Әсіресе соңғы кездері оңтүстіктегі шаруалардың жердің жайын дөп басып, мол өнім ала бастағаны республика жұртшылығын қуантып отыр. Мәселен егін шаруашылығы бойынша жүргізілген жүйелі әртараптандырудың арқасында Оңтүстік Қазақстан облысында 1991 жылмен салыстырғанда майлы дақылдардың егіс көлемі 73 мың гектардан 80 мың гектарға, бау бақша өнімдері 49 мыңнан 59 мың гектарға, ал көкөніс 27 мың гектардан 40,4 мың гектарға, картоп тоғыз мың гектардан 15,3 мың гектарға артқан.

Сонымен қатар, егіс көлемімен қатар алынған өнім көлемі де артқан. Мәселен, 1991 жылы облыс бойынша 163,4 мың тонна көкөніс жиналса, биылғы жылы 866 мың тоннаға көбейіп, яғни бес есеге артып отыр. Тағы бір айта кетер жайт, биылғы жылы орташа есеппен - 470 мың тонна астық жиналып, түсімділігі орташа 22 цн/га. құраған. Ал 1991 жылы астықтың түсімділігі гектарына 17,8 центнер болған. Жақын күндері Оңтүстік шаруалары өздерінің еңбекқорлығымен Қазақстанның Тәуелсіздік кезеңіндегі ең үлкен рекордтық көрсеткішке қол жеткізіп отыр. Шын мәнінде бұл ел Тәуелсіздігінің мерейлі мерекесі тұсында үлкен қуаныш болып отыр. 

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2029
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2466
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2043
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1590