Жұма, 3 Мамыр 2024
3820 0 пікір 8 Желтоқсан, 2016 сағат 17:17

«ALMATY ІNVEST-2016» ЭКОНОМИКАЛЫҚ ФОРУМЫ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ

Бүгін Алматы қаласында IV Халықаралық форум басталды. Халықаралық экономикалық форумға Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек, ҚР ҰБ төрағасы Данияр Ақышев, UBS  «Asset Management» стратегиялар және жаһандық нарықтар бойынша басшысы Массимилиано Кастелии мен «Sanlas hoiding» компаниясының негізін қалаушы Гюнтер Небель секілді сарапшылар қатысуда. Жалпы форумға беделді саясаткерлер, әлемдік және отандық бизнес көшбасшылары, инвестициялық корпорациялар басшылары, қаржы институттары мен халықаралық ұйымдардан барлығы 500-ге тарта жоғарғы қызметтердегі мамандар келді.

Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай ұйымдастырылған форумда Алматы қаласының экономикалық әлеуеті, шағын және орта бизнес өкілдеріне жасалып жатқан Мемлекеттік қолдаудың тетіктері талқыланды. Форум барысында форумға қатсушы негізгі тұлғалар төмендегі жайттарды ортаға салды.

Бауыржан Байбек, Алматы әкімі:

-  Бұл форум ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай ұйымдастырылып отыр. Бүгінде Алматы бизнес пен жеке капиталдың, мәдениеттің орталығына айналды. Осы жылдар ішінде қала бюджеті 41 миллиард долларға дейін жетті. Бұл еліміздің мұнайдан бөлек кірістерінің 1/3 бөлігін құрайды. Қалада шағын және орта бизнес 130 есеге өсіп, 183 мыңға жетті, оның 14 мыңы шетелдік капиталдың катысуымен жұмысын жүргізіп отыр. Соңғы 5 жылда Алматы 2 есеге өсті. Мегаполис халқы агломерация тұрғындарын қосқанда 3 миллионға жетті. Алматы - Ұлы Жібек жолындағы 1000 жылдық тарихы бар қала. Тәуелсіздік жылдары қаланың инфрақұрылым саласына 3 млрд доллардан астам қаржы жұмсалды. Атап айтқанда, қалада 28 жолайрық салынды. Келесі жылы 4 жолайрық пен үлкен жолдар құрылысын жалғастырамыз.

Алматыда инвестиция тартудың драйвері - туризм саласы. Елімізге келген екінші шетелдік турист Алматыға соқпай кетпейді. Алматыда жоғарғы сападағы 2000 мейрамхана қонақтарды қабылдауға дайын. Алдағы уақытта Алматы халықаралық әуежайын кеңейту, машина жасау кәсіпорындарына, химиялық фармацевтикаға көңіл бөлінбек. Биыл Алматы әлемнің 600 ірі мегаполисінің қатарына кірді.  Алматы бизнесінің 88 пайызын сервистік қызмет түрлері құрайды.  Сондай-ақ, әлемнің ең үздік бренд иелері біздің қаламызда жұмыс жасап жатыр. Соның бірі күні кеше ғана Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы телекөпір барысында іске қосқан «Tokyo Rope Almaty» зауыты. Бүгінгі жиынға аталған компания басшысы да қатысып отыр. Алматыда инвесторлар үшін барлық жағдай жасалған. Еліміз 30 жылға дейін кедергісіз табыс табуға кепілдік береді.


Массимилиано Кастелии, UBS  «Asset Management» стратегиялар және жаһандық нарықтар бойынша басшысы:

-Бұдан бірнеше жыл бұрын Алматыға келген едім. Ол кезде бәрі басқаша еді. Бүгінде Алматы қатты өзгерген. Мұнда бизнеспен айналысу үшін барлық жағдай жасалған. 3 миллиондай халық пен толассыз келіп жатқан туристер кез келген кәсіпкердің нарығы әм аудиториясы. Қаланың экономикалық даму деңгейі айтарлықтай өскен. Тіпті бір ғана Алматының ЖІӨ көрсеткіші Республиканың 20 пайызын құрайды.  Мемлекеттен көрсетіліп жатқан қолдау тағы бар. Қазақстан Халықаралық  «doing business» рейтингісінде 6 пайызға жоғарылап, үздік нәтиже көрсетті. Мұнда Қазақстанның ең үлкен қаласы – Алматының үлесі айтарлықтай екені даусыз.  Мен бір ғана мысал келтірейін. Алматының бүгінгі экономикалық деңгейі – Қырғызстан, Тәжікстан мен Грузия сында елдерден жоғары.

Редакциядан: Аталған форум ертең де жалғасатын болады.  Форум барысында Алматы қаласының инвестициялық ахуалын жақсарту бойынша инвесторларды тарту жөніндегі кеңестің мәжілісі өткізілді. Сондай-ақ инвестициялық меморандумға қол қойылды.

Форумның басты мақсаты – Алматы қаласын Орталық Азия кеңістігінде жаһандық корпорациялар мен ритейлерлер үшін экономикалық және іскерлік орталығына айналдыру.

Нұрзат Тоғжан

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 905
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 758
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 589
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 596