Жұма, 3 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2610 0 пікір 8 Қыркүйек, 2010 сағат 05:10

«Астана» француз және аустралиялық велошабандоздармен келісімшарттарға қол қойды

Астана. 8 қырқүйек. ҚазТАГ -«Астана» велокомандасы 2011 жылғы маусымға француз Рем иди Григориомен және аустралиялық Саймон Кларкпен келісімшарттарға қол қойды, деп хабарлайды сәрсенбі күні велокоманданың баспасөз қызметі.

Хабарламада атап көрсетілгендей, 25 жастағы Р. ди Григорио өзін жоғары деңгейде алғаш рет Тур де л'Авенир-2006 кезеңінде көрсеткен. «Франция велоспортының жас жұлдызы, әзірге «велошыңға өрмелеуші» деген аты бар жігіт про-турдың таулы кезеңдерінде «Астана» лидерлерінің позициясын күшейте түседі деп болжанып отыр»,-делінген баспасөз мәлімдемесінде.

24 жастағы С.Кларк 2008 жылы Аустралия үміті атағына ие болған. 2009 жылы Италияның қазіргі чемпионы Джованни Висконтидің командасы ISD-Neri үшін өнер көрсетіп жүр. Ол соңғы бірнеше маусымда про-тур кестесіне кіретін бірқатар веложарыстарда жеңіске жетіп, жүлдегер атанған.

Бұған дейін «Астана» ресейлік велошабандоз Евгений Петровпен, словениялық Роберт Кисерловскимен, эстониялық Танел Кангертпен, итальяндық Франческо Маскьяреллимен, чех спортшысы Роман Кройцигермен келісімшарттарға отырған. Қазіргі уақытта Энди Шлекпен келісімшартқа қол қою бойынша келіссөз жүргізіліп жатыр.

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 628
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 375
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 367
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 372