Сәрсенбі, 22 Мамыр 2024
Жаңалықтар 3283 0 пікір 5 Қазан, 2016 сағат 14:58

«Қазақстанның болашағы-қазақ тілінде» жобасы бойынша өткізілген іс-шараларды қорытындылау жөніндегі брифинг

«Қазақстанның болашағы-қазақ тілінде»

жобасы бойынша өткізілген іс-шараларды

қорытындылау жөніндегі брифингтің

БАСПАСӨЗ ПАРАҒЫ

 

Өтетін орны және уақыты:  Алматы қаласы , «Достық үйі» 

( М. Төлебаев және Құрманғазы көшелерінің қиылысы) 

2016 жылғы 6 қазан, сағат 11.00

 

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі
Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі
2014-2016 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының 17-тармағына сәйкес 2016 жылғы 4-6 қазан күндері Алматы қаласында  "Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде" атты  жоба бойынша іс-шаралар кешенін өткізеді.

Жобаның мақсаты – орыстілді азаматтар арасында қазақ тілін, Қазақстан Республикасының мемлекеттік тіл саясатын насихаттау. Қазақстанда тұратын этнос өкілдерінің бірлігі мен ынтымақтастығы,  жас ұрпақтың патриоттық тәрбиесі, еліміздің ғылым-білім, жаңа технология саласындағы жетістіктері  жайында сөз қозғау, пікір алмасу.

Жобаны  жүзеге асыру жөніндегі жұмыс тобының құрамында белгілі саясаткерлер,  қоғам қайраткерлері, ғалымдар, үкіметтік емес ұйымдар мен жергілікті атқарушы органдардың ресми өкілдері бар.

Алматыда өтетін іс-шарлар кешеніне республикалық «Ұлт тағдыры» қозғалысының төрағасы, саясаттанушы, қоғам қайраткері Дос Көшім, саясаттанушы Расул Жұмалы, саясаттанушы Айдос Сарым, «Мемлекеттік тілге құрмет» бірлестігінің төрайымы, тіл жанашыры Асылы Осман және т.б қатысады. Олар үш күн бойы Алматы қаласының халыққа қызмет көрсету орталықтарының, банктердің, «Алматы-1» темір жол вокзалының, Алматы әуежайының, Алматы қаласы жол патрульдік полициясының қызметкерлері мен этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен кездесіп әңгіме өткізеді және сұрақтарға жауап береді.

"Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде" жобасы бойынша жүргізілген жұмыстарды қорытындылау мақсатында 2016 жылғы  6 қазан күні сағат 11.00-де «Достық үйінде» (М. Төлебаев және Құрманғазы көшелерінің қиылысы) БАҚ өкілдерімен брифинг өткізіледі. Брифингке жоғарыда аталған жұмыс тобының мүшелерімен бірге ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің басқарма басшысы Исақова Толқын Жолдыбайқызы  Алматы қаласы Тілдерді дамыту басқармасының басшысы Ахетов  Мамай Қаниұлы қатысады.

Байланыс телефондары: 8(7172) 40-83-97; 8(7272) 63-15-27.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2247
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2603
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2578
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1687