Жұма, 3 Мамыр 2024
Білгенге маржан 4168 0 пікір 27 Қазан, 2016 сағат 13:16

ӘЙЕЛДЕР ЕРЛЕРГЕ ҚАРАҒАНДА ЕҢБЕКҚОР

Әйелдер ерлерден қарағанда күніне 50 минут, ал жылына 39 күн артық жұмыс істейді. Бұл туралы бүкіләлемдік экономикалық форум барысында оқылған баяндамада айтылды.

Аталған көрсеткішке әйелдер қауымы үйде атқаратын жұмыстар арқылы қол жеткізіп отыр. Ал ақы төленетін жұмысты ғана есепке алатын болсақ, орта есеппен алғанда ерлер әйелдерден қарағанда 39%-ға артық жұмыс істейді екен.

Ал кейбір елдерде үйде атқарылатын жұмыстарды есепке алған кезде ерлер басымдыққа ие болып отыр. Мәселен, Нидерланды мен Жапонияда орта есеппен ерлер әйелдерден қарағанда жарты сағатқа артық жұмыс істейтін болып шықты.

Баяндамада айтылғандай, әйелдер мен ерлер арасындағы экономикалық мүмкіншіліктердің алшақтығы соңғы жылдары 56%-ға қысқарған. Бұл орайда айтулы жетістікке скандинавиялық елдер жеткен. Одан бөлек, көшбасшылар қатарынан Африка елдері, оның ішінде Руанда мен Бурунди табылған.

Жалпы тізімде Ресей 73-орынға тұрақтады.

Баяндама авторының айтуынша, теңқұқықтылыққа көбінесе Батыс Еуропа елдері жақын болып шықты. Бұл жолда олар 25% көлеміндегі қашықтықты игерсе болды. Ал теңқұқықтылықтан ең алшақ мемлекеттер – Таяу Шығыс пен Солтүстік Африка елдері.

Оксфорд университеті ғалымдарының айтуынша, соңғы онжылдықтарда еуропалық мемлекеттерде үй шаруасымен айналысатын ерлердің саны артқан.

Abai.kz 

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 684
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 479
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 417
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 419