Сейсенбі, 30 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3274 0 пікір 30 Тамыз, 2010 сағат 13:17

Нұра Матай. Қазақстан - үлкен пицца...

Ата заңның қабылданғанына 15 жыл толуына орай Қазақстан студенттер альянсы диаметрі 15 метрлік үлкен пицца дайындапты.  Оны дайындауға 5 қап ұн, 15 келі ірімшік, 10 келіден аса шұжық жұмсалыпты. Сөйтіп, жиналған жеткіншектер мен жастар жалап, жұқтап, таласа-тармаса әлгі пиццаны жепті. Бұл пиццаны Қазақстан конститутциясының қабылданғанына 15 жыл толуына орай дайындап, көпшілікке ұсынып отыр. Қорланатын жері осы. Сонда ата заң жастар үшін түрлі азық-түлік пен жемістің қоспасынан жасалатын пицца ғана. Тіпті, Қазақстан студенттер альянсының жетекшісі Тақан Ғиззатов бұл пиццаны халықаралық тағам болғандықтан таңдап алғандарын өйткені, (оның түсінігінше) қазақстан көпұлтты мемлекет яғни Қазақстан дегеніміз үлкен бір пиццаға ұқсайды тіпті аумайды депті. Ал, керек болса...

Ол аз десеңіз, Күміс Аяқова деген қазақ қызы бұл пиццаны «Қазақстан» деп атау керек. Себебі, онда ет өте көп депті.

Міне, Азаттығымыздың алтын діңгегі Ата заңның қабылданған күні, шын мәніндегі салиқалы, салмақты күн тәуелсіздікті негіздеп және оны заңды етіп отырған, маңдайымызға басқан аталы күн астаналық жастар үшін үлкен бір пицца жеу екен. Күлеміз бе, жылаймыз ба? Құдай-ау, енді қайттік.

Осы бір аянышты әрі зәрлі күлкі шақыратын акция - ұлттық идеология және мемлекетте жүйелі жастар саясатының ат бар да заты жоқ дүние екенін көрсетті. Және Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығы ішінде қандай жастар тәрбиелеп шығарғанымыздың дәлелі. Тіпті, жастардың сөзінен, әрекетінен бүгінгі қазақ билігінің сіңірген кейбір әдеттерін байқауға болады. Бұған Тақан Ғиззатовтың «пицца халықаралық тағам болған соң таңдадық. Және Қазақстан көпұлтты мемлекет, ал, бұл тағамда түрлі қоспалардан жасалады», деген сөзі толық дәлел бола алады.

Және мұндай шараны Ата заңның қабылданған күніне орайластырып жасап отырған жастардың бойында, ойында Отанға, мемлекетке және оның басты құжаты ата заңға деген құрметті байқау өте қиын. Басқасын былай қойғанда,  жөні түзу тағам таңдауға талғамы жетпеген жастардан не үміт, не қайыр... Міне, жиырма жылда өсірген тәуелсіз ұрпақ...

Жеткен жеріміз осы... «Кім жазықты»...

Абай-ақпарат

0 пікір