Сенбі, 4 Мамыр 2024
Жаңалықтар 3204 0 пікір 4 Қараша, 2016 сағат 10:37

Ордабасыда ауылшаруашылық өнімі ұлғайды

Оңтүстік Қазақстан облысындағы Ордабасы ауданы биылғы жылды ауыл шаруашылық өнімдері бойынша жақсы көрсеткіштермен аяқтады деуге негіз бар. Мәселен, ауданда «Сыбаға» бағдарламасын жүзеге асыру аясында 1066 ірі қара мал, «Алтын Асық» бағдарламасымен 2903 уақ мал алынған. 

Ал «Құлан» бағдарламасының арқасында асыл тұқымды жылқылардың саны 741-ге жеткен. Осы жылы ауыл шаруашылығы дақылдарының егістік алқабы 357 гектарға артып, жалпы 54 357 гектарды құраған. Өткен жылмен салыстырғанда егілген мақтаның көлемі – 62, бидайдың көлемі – 32, ал картоптың көлемі 3,7 пайызға ұлғайған.

Соның арқасында ауданда биыл 30 259 тонна бидай қамбаға түсіп, 15 028 тонна мақта, 68 650 тонна көкөніс, 43 500 тонна бақша өнімдері жиналды. Ауылдардың ерекшелігі ескеріліп, өнімділікті арттыру бойынша атқарылған жұмыстың нәтижесінде 5 ауылшаруашылық өндірістік кооператив құрылды. Алдағы күндері ауылдық округтерде машина-трактор станциясын ашу жоспарлануда. Бұл шаруаларға үлкен қолқабыс болатын игі іс екені сөзсіз.

Жақсы жаңалық ретінде айтар тағы бір жетістік - Бөржар ауыл округінде интенсивті бау шаруашылығы қолға алынып, «Александровский сад» серіктестігі күннің сәулесін тікелей өткізбейтін сетка пайдалану арқылы бау егумен айналысуда. Кәсіпорын биылғы жылдың наурызынан іске қосылып, бүгінгі таңда 30 адамды жұмыспен қамтып отыр. Биыл ауданда жаңадан егілген жеміс баулары 500 гектарға жетіп отыр. Оның ішінде қарқынды бау жобасы 97 гектарға іске асырылған. Аудан бойынша жылыжайлардың көлемі 7,18 гектарға ұлғайған.

Міне, осындай серпінді жобаларды жүзеге асыру арқылы        ауданда тұрғындардың әлеуметтік мәселелері өз шешімін табуда. Бұл іс алдағы уақытта да жалғасын табады деген сенімдеміз.

Abai.kz

 

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1076
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 967
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 713
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 817