Сейсенбі, 30 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3218 0 пікір 28 Тамыз, 2010 сағат 18:53

Конституцияда қарастырылған базалық ұстанымдар Қазақстанға ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуін қамтамасыз етті – Клинтон

Астана. 28 тамыз. ҚазТАГ - Конституцияда қарастырылған базалық ұстанымдар Қазақстанға ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуін қамтамасыз етті, деп есептейді АҚШ мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон. Бұл туралы ол өзінің Қазақстан Конституциясының 15 жылдығын тойлауға байланысты жолдаған құттықтауында айтады, деп ҚР СІМ баспасөз қызметі хабарлады.

«Президент Обаманың және Құрама Штаттары халқының атынан мен Қазақстан халқын сіздердің 30-шы тамызда аталып өтілетін Конституцияңыздың 15 жылдығымен құттықтаймын. Біздің мемлекеттердің өзара сыйластығы мен қызығушылығы нық серіктестіктің негізі болып әрі біздің халықтардың қауіпсіздігі мен гүлденуінің қауіпсіздігін нығайта түседі», - делінген ҚР СІМ баспасөз қызметі сенбі күні таратқан Х. Клинтонның құттықау мәлімдемесінде.

Ол Қазақстан Конституциясының базалық ұстанымдарына жоғары баға бере келіп, олардың АҚШ- тың америкалық демократияны қамтамасыз етудегі ұстанымдарына ұқсастығын атап көрсетті.

«АҚШ Қазақстан Конституциясын және оның базалық ұстанымдарын: зайырлы және демократиялық басқарудағы еркін өмірге деген құқығын; еркін және адал өтетін сайлауға; басқарудың үш тармағының арасындағы билікті тең бөлу мен тізгіндеу жүйесін жоғары бағалайды.  Бұл ұстанымдар АҚШ жетістігі мен біздің демократияны қамтамасыз етуде ең негізгісі болды және дәл осылар Қазақстанға биыл ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуін қамтамасыз етті», - дейді Х. Клинтон.

Ол сондай-ақ, «желтоқсанда Қазақстан халқы демократиялық өркендеуге беріктігін Астанадағы ЕҚЫҰ саммитіне (желтоқсанның 1-2-сі аралығында Астанада ЕҚЫҰ самамиті өтеді - ҚазТАГ) әлемді қарсы алуы арқылы паш етуге тағыда мүмкіндік алады» деп есептейді.

«Сіздердің Конституцияларыңыз Қазақстан халқының одан арғы табысының және біздің мемлекеттердің арасындағы ұзақ та әрі түбегейлі қарым-қатынастың нық негізі болып табылады», - дейді мемхатшы.

Қорытындысында мемхатшы «бейбіт те гүлденген келешекті құру бойынша» Қазақстанмен жұмысты жалғастыра беретіндігі туралы АҚШ міндеттін тағыда қуаттады», - дейді ҚР СІМ баспасөз қызметі.

0 пікір