Бейсенбі, 9 Мамыр 2024
Жаңалықтар 4781 0 пікір 1 Тамыз, 2016 сағат 13:23

Аз қамтылған оқушыларға көмек көрсетілуде

Бүгіннен бастап облыста аз қамтылған отбасы балаларына жаңа оқу жылы қарсаңында материалдық көмек көрсету акциясы басталды. Осыған дейін «Мектепке жол» атауымен ұйымдастырылып келген қайырымдылық шарасының биыл ұраны өзгерді. Ел тәуелсіздігінің 25 жылдығымен тұспа-тұс келген акцияға биыл » Бақытты балалық шақ мекені» деген айдар тағылып отыр.

Қатарынан 8 жыл бойы ұйымдастырылып келе жатқан қайырымдылық шарасы аясында жыл сайын облыста орта есеппен 20 мыңнан астам балаға материалдық көмек беріледі. Былтыр бұл мақсатқа шамамен 230 млн теңге жұмсалған. Жауаптылардың сөзіне сенсек, жыл өткен сайын балаларды мектепке дайындау шарасына атасылатын демеушілер көбейіп келеді. Кәсіпкерлерден өзге шарапатты іске әкім қаралар мен халық қалаулылары да қолқабыс жасауда.

Басқарма қызметкерлері жаңа оқу жылы қарсаңында ата-аналарды мектеп жасындағы балаларына өз бетінше киім-кешек сатып алмауға шақырады. Айта кетейік, елімізде бірегей мектеп формасы әлі күнге нақтыланбай отыр. Биыл да оқушылар әр мектеп басшылығының ата-аналармен кеңесе отырып ұсынған бірыңғай киім үлгісін киетін болады.

Ал балаңыздың киімін қайда тіктірсеңіз де өз еркіңіз. Ең бастысы — мектеп басшылығы бекіткен киім үлгісі сақталса болғаны. Айта кетейік, мектеп формасын білім ордаларында саудалауға тыйым салынады. Ал «Бақытты балалық шақ мекені» қайырымдылық шарасына атсалып, көмек қолыңызды созғыңыз келсе, 24-75-25 телефонына хабарласыңыз. Осылайша сіз көмекке мұқтаж балалар туралы мәліметтерді де бере аласыз.

Abai.kz 

 

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1814
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1823
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1534
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1421