Дүйсенбі, 29 Сәуір 2024
Билік 8021 0 пікір 5 Тамыз, 2016 сағат 16:28

Ынтымағы жарасқан ел озады

Бүгін Қазақстан халқы Ассамблеясының 21 жылдығы аясында ішкі саясат бөлімі бастамасымен және ардагерлер кеңесі мен қаламыздағы өзбек этномәдени орталығы өкілдерінің ұйымдастыруымен, ұлағатты ұстаз, Арыс қаласының Құрметті азаматы Халықұл Ташполатұлының 80 жасқа толған мерейтойына орай Арыс қаласы Ассамблея жанындағы қоғамдық келісім кеңесі мүшелері мен татар-башқұрт, иран-әзірбайжан, славян және өзбек этномәдени орталығы өкілдерінің, қалалық қоғамдық кеңес мүшелері, «Ырыс алды - ынтымақ» форумының мүшелері мен зиялы қауым өкілдерінің қатысуымен жиын өтті.

Жиынның мақсаты қала халқын ынтымақ пен ауызбіршілікке, келісім мен бірлікке, достық қарым-қатынасқа шақыру болып табылады.

Аталған шарада қала әкімі С.Ертай жаһанда орын алып жатқан келеңсіз жағдайларға тоқталып, елді ынтымақ пен бірлікке, татулық пен достыққа шақырудың маңыздылығына тоқталып, осы бағытта жұмысты жандандыруға шақырды. Сондай-ақ, ынтымақ, бірлігі жарасқан киелі Арыс өңірінің азаматы Халықұл Ташполатұлын шаһар басшысы Сейіт Мырзақұлұлы арнайы құттықтап, қазақи дәстүрге сай иығына шапан жапты.

Шараға қатысқан этномәдени орталықтардың өкілдері мен зиялы қауым өкілдері, қоғамдық кеңес мүшелері мен ақсақалдар «Бейбітшілік-татулықтың бесігі» демекші қала халқын бейбіт өмірге, «Ырыс алды-ынтымаққа» шақыруға сөз байласып тарасты.

Abai.kz

0 пікір