Дүйсенбі, 29 Сәуір 2024
Билік 3292 0 пікір 10 Тамыз, 2016 сағат 13:30

Қазығұрттық кәсіпкерлер көп қабатты үйлердің шатырын жөндеуге демеушілік жасады

Қазығұрт ауданында көп қабатты үйлердің шатыры жөнделді. Бұл туралы «Abai.kz» порталы ОҚО әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Әсіресе, ауданның Қазығұрт елді мекеніндегі Қонаев көшесі бойынан орын тепкен №182, №184, №186 көп қабатты тұрғын үйлердің шатырлары әлде қашан жарамсыз болғандықтан, көктем-күз болса төбеден тамшы ағып, тұрғындар әбден әбігерге түсетін. Айта кетейік, көп қабатты үш тұрғын үйде 48 отбасы қоныстанған. 
Пәтер қожайындарының жағдайына құлақ асқан жергілікті кәсіпкерлер азаматтарға қол үшін беруді жөн көрді. Игі істің алғашқы бастамашылары болған «Шанырақ-ХХІ» ЖШС-нің төрағасы Н.Құралов, «С.строй эксперт» ЖШС-нің төрағасы Е.Әбдіразақов және «Компания Три-А+» ЖШС-нің төрағасы А.Жанбосыновтар өз қаржылары есебінен көп қабатты үйлердің шатырын ауыстырып беруді өз міндетіне алып, апта ішінде берген уәделерінің үдесінен шықты. 

Негізінен, аз қамтамасыз етілген мұқтаж отбасылар, жалғыз басты қарттар мен әйелдер және мүгедектер тұратын көп қабатты үй тұрғындарының қуанышында шек жоқ. Көп жылдардан бері көктем-күз айларында және жауынды-шашынды күндері үй шатырынан су тамшылып әбігерге түсіп, ауру-сырқаудан бас ашпайтын тұрғындар, енді ауа райынан еш қаймықпастан жайлы да, жарқын өмір сүретін болады.

Abai.kz

 

0 пікір