Жұма, 17 Мамыр 2024
Билік 3396 0 пікір 22 Тамыз, 2016 сағат 13:02

ІЛЕСПЕ АУДАРМАДАН ШЕБЕРЛІК САБАҚТАРЫ ӨТУДЕ

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің бастамасымен ілеспе аудармадан шеберлік сабақтары өтуде, - деп хабарлайды Абай-ақпарат министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің тапсырмасы бойынша Ш.Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығы Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында мемлекеттік тілдің қолданыс деңгейін кеңейту, ілеспе аудармашылардың біліктілігін арттыру мақсатында қазақша-орысша, орысша-қазақша ілеспе аударма жүргізуді үйретудің шеберлік кластарын өткізіп жатыр.

Аталған шеберлік кластары мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту мақсатында қазақшадан орысшаға және орысшадан қазақшаға ілеспе аударма жасайтын аудармашылардың біліктілігін арттыруды көздейді.

Шеберлік кластарында аударма теориясы, жазбаша аударма мен ауызша аударманың ерекшеліктері, ілеспе аудармашыға қажетті базалық грамматикалық және фразеологиялық үлгілері, сөздік қорды байыту жұмыстары бойынша дәрістер оқылады. Сонымен қатар аудармашы мамандарға аударма теориясы мен практикасы, аударматанудың өзекті мәселелері шеңберінде оқу-әдістемелік көмек көрсетіліп, аударма саласындағы ғалым  мамандар озық тәжірибесімен бөлісуде.

Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің Тіл саясатын талдау және мониторинг басқармасының басшысы Толқын Жолдыбайқызы алғы сөз алып, бүгінгі күннің талабына сәйкес ілеспе аудармашылардың біліктілігін арттыруды мақсат еткен шеберлік кластарының мақсат, міндетімен таныстырып өтті. Шеберлік кластарын белгілі аудармашы, филология ғылымдарының кандидаты Камал Әлпейісова жүргізуде.

Шеберлік сабақтарына орталық және жергілікті атқарушы органдары мен ұлттық компаниялардан 12 аудармашы қатысуда. 

Abai.kz

 

 

 

 

 

 

 

 

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2113
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2525
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2224
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1629